Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2012.09.24 N 22/04 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын Нұра ауданының жұмыс берушiлердiң тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге ниет қылған мақсатты топтардан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау және бағыттау жөніндегі жұмысты жүргізсін;
2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен шарттар жасау жөніндегі жұмысты жүргізсін;
3) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың тиімділігін, жасалған шарттардың орындалуын қадағалау жөнінде жұмыс жүргізсін;
4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасудың мониторингін жүргізсін;
5) жұмыс берушінің бір жұмыскерге еңбекақы төлеу шығындары он екі ай бойы республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен өтелсін:
алғашқы алты айда-жалақының елу пайызы;
кейінгі үш айда-жалақының отыз пайызы;
келесі үш айда-жалақының он бес пайызы субсидиялауы шартымен жібереді.
3. Нұра ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 қарашадағы N 24/50 қаулысының "Нұра ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-14-159 болып тіркелген, 2011 жылғы 31 желтоқсандағы N 53 аудандық "Нұра" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З.А. Даутоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Бексұлтанов
Аудан әкімдігінің
2012 жылғы 3 ақпандағы
N 02/02 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын Нұра ауданының жұмыс берушiлердiң тізбесі
N |
Ұйымның атауы |
Кәсібі (мамандығы) |
Жұмыс орындарының саны (адам) |
Жұмыс ұзақтығы (айлар) |
Бір жұмыскерге айлық жалақы мөлшері (теңге) |
Бір жұмыскерге өтемақы мөлшері (теңге) |
1. |
"Рыженков Игорь Анатольевич" жеке кәсіпкері |
пилорама жұмысшысы, тас қалаушы |
4 |
6 |
52 000 |
26 000 |
тас қалаушы |
3 |
12 |
52 000 |
26 000 – алғашқы 6 айда, 15 600 – келесі 3 айда, 7 800 – соңғы 3 айда |
||
2. |
"Абильдина Ғалия Кудайбергеновна" жеке кәсіпкері |
аспаз, штукатур-сырлаушы, штукатур, аспазшы |
6 |
6 |
52 000 |
26 000 |
3. |
"Дастархан" қарапайым серіктестігі |
әкімші, сатушы |
2 |
6 |
52 000 |
26 000 |
4. |
"Карбаева Жумабике Зейнуллина" жеке кәсіпкері |
технический работник, жүк тасушы, сатушы, фасовщик |
5 |
6 |
52 000 |
26 000 |
5. |
"Абсаттарова Ермек" жеке кәсіпкері |
жүргізуші, сатушы |
3 |
6 |
52 000 |
26 000 |
6. |
Шаруашылық қожалығы "Ли В.В." |
тракторист, механизатор, тұқым себуші |
10 |
12 |
52 000 |
26 000 – алғашқы 6 айда, 15 600 – келесі 3 айда, 7 800 – соңғы 3 айда |
7. |
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны "Каратал" |
кочегар, жүргізуші, контролер, механизатор |
7 |
12 |
52 000 |
26 000 – алғашқы 6 айда, 15 600 – келесі 3 айда, 7 800 – соңғы 3 айда |
Барлығы: |
40 |