Қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлерін айқындау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 қарашадағы N 24/51 қаулысы. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 желтоқсанда N 8-14-160 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы N 05/10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 24.02.2016 N 05/10 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық Кодексінің 42 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, 37 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлері қосымшада көрсетілген бойынша айқындалсын.
      2. Ауыл және кент әкімдері осы қаулыны және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30 бабының талаптарын іске асыру бойынша қоғамдық жұмысқа тартуға сотталған тұлғалардың жазасын өтеу орындарын айқындау бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Қ. Бексұлтанов

      

  Қосымша аудан әкімдігінің
2011 жылғы 28 қарашадағы № 24/51
қаулысына

Қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлері:

      1. Тұрмыстық қалдықтарды шығару.
      2. Аумақты мұздан тазалау.
      3. Аумақты қардан тазалау.
      4. Аумақты күл-қоқыстан тазалау.
      5. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалау.
      6. Аумақты арамшөптен тазалау.
      7. Қоқысты жинау және шығару.
      8. Бұтақшаларды кесу.
      9. Ағаштарды кесу.
      10. Ағаштарды әктеу.
      11. Ағаштар егу.
      12. Қоршауларды жөндеу.
      13. Қоршауларды сырлау.
      14. Ғимараттарды әктеу.
      15. Ғимараттарды сырлау.
      16. Гүлзарларды құру.
      17. Көгалдарды қазу.
      18. Шөп шабу.
      19. Күл-қоқысты жинау және жағу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады