2011 жылы Осакаров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 мамырдағы N 349 шешімі. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 мамырда N 8-15-145 тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" N 183 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2011 жылы Осакаров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына келесі көлемде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау ұсынылсын:

      1) жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2011.10.25 N 415 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасынан жылдық 0,01 % мөлшерінде белгіленеді.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықтың әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік мәдени дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (Е.М. Врона).

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Е. Врона

Хатшы

К. Саккулаков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады