Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 мамырдағы кезекті 45 сессиясының N 349 "2011 жылы Осакаров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға әлеуметтік қолдау ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы N 415 шешімі. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қарашада N 8-15-150 тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" N 183 Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 мамырдағы кезекті 45 сессиясының N 349 "2011 жылы Осакаров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға әлеуметтік қолдау ұсыну туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-15-145 болып тіркелген, 2011 жылғы 4 маусымдағы "Сельский труженик" газетінің N 22 (7246) санында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

И. Шакирбеков

Аудандық мәслихат хатшысы

К. Саккулаков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады