2012 жылға біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 54 сессиясының 2011 жылғы 14 қарашадағы N 426 шешімі. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 желтоқсанда N 8-15-160 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының хатшысының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 2-43/68 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының хатшысының 23.04.2013 № 2-43/68 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылға базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған біржолғы талонның құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың ауданның бюджеттік саясаты мен әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (И.М. Шакирбеков).
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            М. Чолокиди

      Хатшы                                      К. Саккулаков

2011 жылғы 14 қарашадағы
Осакаров аудандық мәслихатының
54 сессиясының № 426 шешіміне
қосымша

2012 жылға базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоқтардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарларды өткізумен, жұмыстарды орындаумен, қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған біржолғы талондардың құны

Базардың атауы

Мамандандыру

Сауда орнының түрі

Сауда орнының көлемі, шаршы метр

1 шаршы метр алаң үшін айлық есептік көрсеткіштен пайызда алым ставкасы

1

2

3

4

5

Осакаров ауданының базарлары

Азық- түліктік

Ет сату

6,3

5,4

Азық-түлік

8,19

1,61

Өнеркәсіптік

Сөреден

13,64

2,4

Қолдан

1,5

2,4

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады