Приозерск қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарына үміткерлерінің сайлаушылармен кездесу өткiзу үшiн үй-жайларды және үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы N 5/7 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласы Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 наурызда N 8-4-223 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 21 ақпандағы N 2/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 21.01.2016 N 2/1 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңына сәйкес Приозерск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарына үміткерлердің үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар анықталсын (1 қосымшаға сәйкес).
      2. Қазақстан Республикасы Президентігіне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлаушылармен кездесу өткiзу үшiн үй-жайлар берілсін (2 қосымшаға сәйкес).
      3. Приозерск қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі N 20/2 "Приозерск қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарына үміткерлерінің сайлау мерзімінде сайлаушыларымен кездесуге арналған орынды, үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындарын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-4-82 тіркелген, 2007 жылдың 03 тамыздағы "Приозерский вестник" N 20 (95) газетінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң аппарат басшысы Ш.Б. Мақышеваға жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қала әкімі
Е. Өтешев

      

  2011 жылғы 24 ақпандағы
N 5/7 қала әкімдігінің қаулысына
1 қосымша

Қазақстан Республикасы Президентігіне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарына үміткерлердің үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындардың тiзбесi

Елдi мекеннiң атауы
Орналасу орны
Приозерск қаласы
Приозерск қаласының "Қазақтелеком" Акционерлік қоғамының бөлімшесі ғимараты маңында орналасқан хабарландыру тақтасы;
Қалалық базардың жанында орналасқан хабарландыру тақтасы;
Орталық алаңдағы сахна.

  2011 жылғы 24 ақпандағы
N 5/7 қала әкімдігінің қаулысына
2 қосымша

Қазақстан Республикасы Президентігіне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарына үміткерлердің сайлаушылармен кездесу өткiзу үшiн үй-жайлардың тiзбесi

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2011.12.21 43/1 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.

Елдi мекеннiң атауы
Кездесулер өтетiн орны
Приозерск қаласы
Приозерск қаласының әкімдігі Приозерск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өнер және спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны мәжiлiс залы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады