Қызылорда қаласының аумағында заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 26 қаңтардағы N 38/3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 24 ақпанда N 10-1-168 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 42/9 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2011.04.11 N 42/9 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Салық кодексінің 386-бабының 1-тармағына сәйкес, Қызылорда қаласының аумағында заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлеріне жақын жатқан елді мекен ретінде сол жерге шекарасы жағынан ең қысқа қашықтықта орналасқан елді мекен болып танылады деп бекітілсін.
      2. Салық кодексінің 386-бабының 3-тармағына сәйкес, Қызылорда қаласының аумағында заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлеріне жақын жатқан елді мекен ретінде сол жерге шекарасы жағынан ең қысқа қашықтықта орналасқан елді мекен болып танылады деп бекітілсін.
      3. Салық кодексінің 386-бабының 3-тармағына сәйкес, Қызылорда қаласының аумағында заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге жер салығының базалық ставкасы:
      1) 1-санаттағы автотұрақтар (паркингтер) жерлеріне – 10 есеге;
      2) 2-санаттағы автотұрақтар (паркингтер) жерлеріне – 8 есеге;
      3) 3-санаттағы автотұрақтар (паркингтер) жерлеріне – 6 есеге жоғарылатып бекітілсін.
      4. Қызылорда қалалық мәлихатының 2010 жылғы 23 желтоқсанындағы N 37/5 "Қызылорда қаласының аумағында заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы" шешімі жойылды деп танылсын.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың
      кезектен тыс XXXVIII
      сессиясының төрағасы                    Қ. САҚТАҒАНОВ

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы                    И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

      КЕЛІСІЛДІ

      Қызылорда қаласы бойынша
      салық басқармасы бастығының
      міндетін атқарушысы
      ____________________Қ.Әбдреев
      "26" қаңтар 2011 жыл 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады