Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 25 ақпандағы N 40/2-1 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 11 наурызда N 10-1-170 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі N 19/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 16.07.2013 N 19/2 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабын басшылыққа ала отырып, Қызылорда қаласының әкімдігінің бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу үшін орындарды белгілеу туралы ұсынысын қарап, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қызылорда қаласы бойынша бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу үшін белгіленген орындар қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың
      кезектен тыс ХХХХ
      сессиясының төрағасы                      Қ. САҚТАҒАНОВ

      Қызылорда қалалық хатшысы                 И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

      Қызылорда қалалық мәслихатының
      2011 жылғы 25 ақпандағы
      кезектен тыс XXXХ сессиясының
      N 40/2-1 шешімімне
      қосымша

       Қызылорда қаласы бойынша бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу үшін белгіленген орындар

      1. Облыстық халық шығармашылығын дамыту және продюссерлік орталығының ауласындағы саябақ (Әуелбеков көшесі, N 41).
      2. М. Ералиева атындағы мәдениет үйінің ауласы (Қашаубаев көшесі, нөмірсіз).
      3. Қызылжарма ауылдық округі, Батырбаев көшесі нөмірсіз (бұрынғы құс фабрикасы ғимаратының алаңы).
      4. Белкөл кентіндегі ауылдық клубтың алаңы.
      5. Тасбөгет кентіндегі "Жеңіс" саябағы.
      6. Ақсуат ауылдық округіндегі клубтың алаңы.
      7. Қызылөзек ауылдық округіндегі клубтың алаңы.
      8. Қосшыңырау ауылдық округінің мәдениет үйінің алаңы.
      9. Ақжарма ауылдық округіндегі клуб алаңы.
      10. Талсуат ауылдық округіндегі клубтың алаңы.
      11. Қарауылтөбе ауылдық округіндегі клубтың алаңы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады