"Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Қызылорда қаласы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу үшін орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 25 ақпандағы N 40/2-1 шешiмi (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2011 жылғы 11 наурыздағы N 10-1-170 тiркелген, 2011 жылғы 18 наурыздағы N 10 (795-796) "Ақмешіт ақшамы", 2011 жылғы 18 наурыздағы N 11 (1062) "Кызылорда таймс" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда қалалық | |
мәслихатының кезектен тыс | |
ХІХ сессиясының төрағасы | Ә. МЕДЕТБАЕВ |
Қызылорда қалалық | |
мәслихатының хатшысы | И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ |
Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі N 19/2 шешiмiне қосымша |
Қызылорда қаласы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу үшін орындар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда қалалық мәслихатының 18.02.2014 N 26/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).1. Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлiк орталығының аумағындағы саябақ (Е. Әуелбеков көшесi, N 41).
2. М.Ералиева атындағы мәдениет үйi ғимаратының алдындағы алаң (Ә. Қашаубаев көшесi, нөмiрсiз).
3. Тасбөгет кентiндегi "Жеңiс" саябағы.