Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі N 1071 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 28 сәуірде N 10-1-175 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 тамыздағы N 1796 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011.08.15 N 1796 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 баптың 1 тармағының 14) тармақшасы, 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 56 бабының және 9 бабының 123 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 365 "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңының 4 бабының 5 тармақшасына сәйкес жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған (хабар-ошарсыз кеткен) соғысқа қатысушылардың қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) және концлагердің бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына 66 000 (алпыс алты мың) теңгеден, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға 25 000 (жиырма бес мың) теңгеден сауықтыруға біржолғы материалдық көмек берілсін.
      2. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде  алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға біржолғы 27 000 (жиырма жеті мың) теңгеден көмек берілсін.
      3. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бастығы П.Сыздықов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н.Жәлиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІНІҢ
      МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ                       Е.ТӨРАЛИЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады