Белкөл кенті және Бірқазан елді мекеніндегі көшелер мен тұйыққа атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда қаласы Белкөл кент әкімінің 2011 жылғы 10 тамыздағы N 226 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2011 жылы 08 қыркүйекте N 10-1-186 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және қала әкімі жанындағы онамастикалық комиссиясының 2011 жылғы 24 мамырдағы N 2/3 ұйғарымына және Белкөл кенті тұрғындарының 2011 жылғы 17 мамырдағы N 1 хаттамасы, Бірқазан елді мекені тұрғындарының 2011 жылғы 17 мамырдағы N 2 хаттамасы негізінде, ШЕШЕМІН:
      1. Сызбалық картаға байланысты Белкөл кентінде орналасқан мөлтек ауданға: Жаңа мөлтек ауданы атауы берілсін.
      2. Сызбалық картаға байланысты Белкөл кентінде орналасқан көшелерге және тұйыққа: Жерұйық көшесі, Сарыарқа көшесі, Бірлік көшесі, Кәкім Әбдіқадыров атындағы көше, N 1 көше, N 2 көше, N 3 көше, N 4 көше, N 5 көше, N 6 көше, N 7 көше, Кәкім Әбдіқадыров атындағы тұйығы атаулары берілсін.
      3. Сызбалық картаға байланысты Бірқазан елді мекенінде орналасқан көшелер мен бекетке: Бірқазан көшесі, Көкжиде бекеті, Көкжиде көшесі атаулары берілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Белкөл кенті әкімі аппаратының бас маманы Қ. Оспановқа жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      КЕНТ ӘКІМІ                                Д. ТАУБАЙ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады