Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 25 тамыздағы N 95 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2011 жылы 06 қазанда N 10-1-189 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармақшасы басшылыққа алып, Қосшыңырау ауылдық округі тұрғындарының жалпы жиналысының 2011 жыл 18 мамырдағы N 3 хаттамасы мен 2011 жылғы 24 мамырдағы Қызылорда қаласының әкімі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2/3 ұйғарымы негізінде ШЕШЕМІН:
      1. Сызбалық картаға байланысты Қосшыңырау ауылдық округі, Абай ауылында орналасқан көшелерге:
      Абай Құнанбаев көшесі, Бейбітшілік көшесі, Жамбыл Жабаев көшесі, Юрий Гагарин көшесі, Сиыр фермасы көшесі, Амангелді Иманов көшесі, Жақыпбек Маханбетов көшесі атаулары берілсін.
      2. Сызбалық картаға байланысты Қосшыңырау ауылдық округі, Досан ауылында орналасқан көшелерге:
      Досан Елеусінов көшесі, N 21 көшесі атаулары берілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Кушенбаева Ұлдашқа жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және оның ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ӘКІМ                                С. ДҮЙСЕНБАЕВ 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады