Қазалы қаласындағы көше атауын өзгерту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы қаласы әкімінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 25 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 29 сәуірде N 10-4-148 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы қаласы әкімінің 2012 жылғы 01 қазандағы N 95 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы қаласы әкімінің 2012.10.01 N 95 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес, Қазалы қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қазалы қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. Қазалы қаласындағы Жамбыл көшесінің тұйығы Қожаназаров Ерғали атауымен өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өз міндетіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы қаласының әкімі                        Н. Бозғұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады