Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2012.02.09 N 58 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы N 109 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 5 сәуірде 10-4-146 нөмірімен тіркелген, аудандық "Қазалы" газетінің 2011 жылғы 9 сәуірдегі N 33 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
қазақша мәтінінде "құқығы жоқ" деген сөздерден кейін "ер" деген сөзбен толықтырылсын;
орысша мәтінінде "призыва граждан" деген сөздерден кейін "мужского пола" деген сөздермен толықтырылсын;
орысша мәтінінде "а также" деген сөздерден кейін "граждане" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
орысша мәтінінде "государственной учреждении", "(по согласию)" деген сөздер тиісінше "государственного учреждения", "(по согласованию)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5, 6, 7, 8, 9-тармақтарда:
орысша мәтінінде "государственной учреждении", "(по согласию)" деген сөздер тиісінше "государственному учреждению", "(по согласованию)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
орысша мәтінінде "сбору", "военную" деген сөздер тиісінше "сбора", "воинскую" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
орысша мәтінінде "военную" деген сөздер "воинскую" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
орысша мәтінінде "проделенный" деген сөздер "проделанной" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
орысша мәтінінде бүкіл мәтін бойынша "государственной учреждении", "(по согласию)", "государственной коммунальной казенной предприятии" деген сөздер тиісінше "государственного учреждения", "(по согласованию)", "государственного коммунального казенного предприятия" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
АУДАН ӘКІМІ А.КӨШЕРБАЙ