Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2012.02.09 N 58 Қаулысымен.
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы N 1163 Жарлығына, "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 623 Қаулысына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданда он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2011.05.10 N 143 Қаулысымен.
2. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткiзу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясы (бұдан әрі – аудандық шақыру комиссиясы) құрылсын.
3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
4. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қазалы ауданы бойынша өкілі К.Азировтен (келісім бойынша):
1) аудандық шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссиясын құру;
2) медициналық комиссияны қажетті құралдармен, медициналық, шаруашылық мүлікпен және дәрі-дәрмектермен жабдықтау сұралсын.
5. "Қызылорда облысының Ішкі істер Департаменті Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (К.Утеев, келісім бойынша), әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіру, көпшілік шоғырланатын орындарда және шақырылғандардың жүру маршруттарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. "Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінен (Б.Шаймерденов, келісім бойынша) мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды жинау бойынша жұмыстарын бақылау мен қалыптастыруды ұйымдастыру сұралсын.
7. Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және ауылдық округ әкімдері "Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне азаматтардың әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге жәрдемдессін.
8. "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.Жалғасбай) 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында шақыруға жататын азаматтарға хабарлау және құжаттарды ресімдеу жұмыстарын орындау үшін ақылы қоғамдық жұмыс есебінен жұмыссыз адамдарды бөлуді ұйымдастырсын.
9. "Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Шаймерденов, келісім бойынша) атқарылған жұмыстардың қорытындысымен 2011 жылдың 10 шілдесіне және 2012 жылдың 10 қаңтарына аудан әкіміне ақпарат ұсынсын.
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Г.Нармағамбетоваға жүктелсін.
11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
АУДАН ӘКІМІ А. КӨШЕРБАЙ
Қазалы ауданы әкімдігінің
2011 жылғы "28" наурыздағы
N 109 қаулысына 1-қосымша
Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткiзу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2011.11.25 N 37 Қаулысымен.
Шаймерденов Бақытқали Базарбайұлы |
- |
"Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша); |
Бекжанов Еркебұлан Маратұлы |
- |
"Қазалы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары; |
Комиссия мүшелері: | ||
---|---|---|
Өмірзақов Аманкелді Дәстенұлы |
- |
"Қызылорда облысының Ішкі істер Департаменті Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша); |
Әбілбай Қуанышбай Әбдікенұлы |
- |
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазалы аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жасөспірімдер дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша); |
Алданазарова Зауре Тілекқызы |
- |
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазалы аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мейіркеші, комиссия хатшысы (келісім бойынша). |
Қазалы ауданы әкімдігінің
2011 жылғы "28" наурыздағы
N 109 қаулысына 2-қосымша
2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі
Р/сN | Атаулары | Шақыру комиссиясының жұмыс күндері | |||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
сәуір | мамыр | маусым | қазан | қараша | желтоксан | ||
1 |
Әйтеке би кенті |
13, 14,15 |
5,6, 13, 17, 20, 23 25, 27 |
1,2,3,6, 7, 10, 29, 30 |
3,5, 6, 10, 11, 17, 18, 31 |
1, 2, 8, 9, 15, 16, 21, 24, 25 |
1, 2, 5, 6, 8, 9, 13, 20, 21 |
2 |
Қазалы қаласы |
18, 19 |
16, 18, 25, 27 |
8,9, 10, 13, 14, 28,29 |
4, 7, 12, 14, 19, 21, 28 |
3, 10, 17, 22, 24, 30 |
7, 8,9, 19, 22, 23, 26 |
3 |
Ғ.Мұратбаев ауылдық округі |
20, 21 |
13, 16,17 |
15, 16, 17, 21 |
4, 7, 14, 27 |
11, 23, 30 |
2, 14, 27 |
4 |
Сарыкөл ауылдық округі |
||||||
5 |
Қарашеңгел ауылдық округі |
27, 28 |
18,19, 20, |
20, 22, 27, 28 |
5, 6, 19, |
2, 9, 16, 30 |
7, 15, 28 |
6 |
Құмжиек ауылдық округі |
||||||
7 |
Басықара ауылдық округі |
||||||
8 |
Көларық ауылдық округі |
26, 29 |
12, 20, 30 |
15, 16 |
14, 20, 28 |
8, 15, 28 |
5, 19, 29 |
9 |
Арықбалық ауылдық округі |
||||||
10 |
Майдакөл ауылдық округі |
26, 29 |
13, 23, 31 |
23, 24 |
3, 6, 27, |
3, 18, 29 |
1, 6, 29 |
11 |
Алға ауылдық округі |
||||||
12 |
Ақжона ауылдық округі |
||||||
13 |
Бірлік ауылдық округі |
28,29 |
11, 12, 23 |
1, 2, 15, 29 |
24,25, 26,31 |
4, 25, 29 |
5, 12, 19 |
14 |
Өркендеу ауылдық округі |
||||||
15 |
Аранды ауылдық округі |
||||||
16 |
Бозкөл ауылдық округі |
13, 14 |
11, 12, 23 |
3, 17, 24 |
13,27, 28 |
2, 8, 28 |
15, 21 |
17 |
Қызылқұм ауылдық округі |
||||||
18 |
Тасарық ауылдық округі |
||||||
19 |
Майлыбас ауылдық округі |
25, 29 |
5, 6, 18 |
8, 9, 28 |
5, 6, 31 |
2, 8, 28 |
1, 20, 30 |
20 |
Сарбұлақ ауылдық округі |
||||||
21 |
Шәкен ауылдық округі |
"2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің қаулысына келісу парағы
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облыстық денсаулық
сақтау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің Қазалы ауданы
бойынша өкілі К.Азиров _________________
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысы Қазалы
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Б.Шаймерденов ________________
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының Ішкі істер
Департаменті Қазалы ауданының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы К.Утеев________________
"2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің қаулысына келісу парағы
Әбілбай Қуанышбай Әбдікенұлы |
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазалы аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жасөспірімдер дәрігері |
|
Қуанышева Зульфина Губайдуллақызы |
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазалы аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігер-кардиологы |
|
Өмірзақов Аманкелді Дәстенұлы |
"Қызылорда облысының Ішкі істер Департаменті Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары |
|
Князбаев Беріққали Абдығаниұлы |
"Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары |
|
Прімбетов Аралбек Түгелбайулы |
"Қызылорда облысының Ішкі істер Департаменті Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары |
|
Алданазарова Зауре Тілекқызы |
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазалы аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мейіркеші |
|
Алиева Гүлшат Әлібекқызы |
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазалы аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мейіркеші |