"Ауданда жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын және кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлауды ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 116 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 тамыздағы N 223 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 19 қыркүйекте N 10-4-157 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 08 қаңтардағы N 3 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2013.01.08 N 3 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ауданда жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын және кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлауды ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 116 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-4-80 нөмірімен тіркелген, "Тұран-Қазалы" газетінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 36-37 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ауданда жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын ұйымдардың тізбесі мен қоғамдық жұмыстардың түрлеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      реттік нөмірі 22 жол мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 

22

"Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Учаскелік комиссияға атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін көмек көрсету және құжаттарды ресімдеуге көмектесу;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 33-2, 33-3, 33-4 жолдармен толықтырылсын: 

33-2

Балаларды сауықтыру - демалыс орталығы "Шағала" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарына көмектесу;

33-3

"Қызылорда облысы сот актілерін орындау Департаментінің Қазалы аумақтық бөлімі" филиалы

Санитарлық тазарту жұмыстарына және құжаттарды ресімдеуге көмектесу;

33-4

"Қызылорда облысының ішкі істер департаменті Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Санитарлық тазарту жұмыстарына, құжаттарды ресімдеуге көмектесу және қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсету;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 45, 46 жолдармен толықтырылсын: 

45

"Қазалы - Көркейту" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарына көмектесу;

46

Дара кәсіпкер Өтегенова Шынар Қаржаубайқызы

Кәсіпкерлік пен сауда қызметтеріне, санитарлық тазарту жұмыстарына көмектесу.

      3. "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.Жалғасбай) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б. Жолтаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен сон қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ                            А.КӨШЕРБАЙ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады