Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің 2011 жылғы 08 желтоқсандағы N 2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 09 қаңтарда N 10-4-166 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің 2012 жылғы 12 наурыздағы N 4 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің 2012.03.12 N 4 Шешімімен.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің 2012.02.13 N 1 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Қазалы ауданы бойынша 2012 жылы қаңтар-наурыз аралығында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары жүргізілсін.
      2. Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті, ауылдық округ әкімдері және мүдделі ұйымдардың басшылары Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әскери есепке тіркелуге жататын азаматтардың тізімін беруді қамтамасыз етсін.
      3. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазалы аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) "Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландыру үшін маман дәрігерлермен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің 2012.02.13 N 1 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      4. "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдасқан және сапалы түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін техникалық қызметкерлердің қажетті санын бөлсін.
      5. "Қызылорда облысының Ішкі істер Департаменті Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери есепке қоюдан жалтарған тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің 2012.02.13 N 1 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б. Жолтаевқа жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                             С. Аманов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қызылорда облысының
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Қазалы аудандық емханасы"
      шаруашылық жүргізу құқығындағы
      мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының
      бас дәрігері Қ. Әзіров ______________

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қызылорда облысы Қазалы
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Б. Шаймерденов ______________

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қызылорда облысының Ішкі істер
      Департаменті Қазалы ауданының
      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы К. Өтеев ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады