"Он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы N 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің 2012 жылғы 13 ақпандағы N 1 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 16 ақпанда N 10-4-168 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің 2012 жылғы 12 наурыздағы N 4 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің 2012.03.12 N 4 Шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. "Он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы N 2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 10-4-166, 09.01.2012 жыл, "Қазалы" газетінің N 6 санында 14.01.2012 жылы жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) аталған шешімнің атауын "Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы" деп жаңа редакцияда жазылсын;
      2) шешімнің 3 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазалы аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) "Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландыру үшін маман дәрігерлермен қамтамасыз ету ұсынылсын.";
      5 тармақтағы "Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына" деген сөздер ""Қызылорда облысының Ішкі істер Департаменті Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) шешімнің екінші бетіндегі келісу таңбасындағы "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазалы аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Қ.Әзіров" деген сөздер "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазалы аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері Қ.Әзіров" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б. Жолтаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                              С. Аманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады