2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы N 82 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш аудандық әділет басқармасында 2011 жылы 06 сәуірде N 10-6-183 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 20 маусымдағы N 1/4-9/1121 хатымен

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімі аппаратының 2012.06.20 N 1/4-9/1121 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағы 8) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы N 1163 Жарлығына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы республикалық Ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыру "Қызылорда облысы Жалағаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Қоса беріліп отырған:
      1) 2011 жылдың сәуір-маусымында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес;
      2) 2011 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Жалағаш кенті, ауылдық округі әкімдері 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырушыларды олардың ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне шақырылғаны туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етуге шаралар қабылдасын.
      5. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Жалағаш аудандық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):
      1) шақырылғандарды медициналық куәландырудан өткізуді ұйымдастыру үшін маман дәрігерлер мен мейірбикелердің қажетті санын бөлу;
      1-1) аудандық шақыру комиссиясы құрамында аудандық медициналық комиссиясын құру;
      Ескерту. 5-тармақ 1-1)-тармақшамен толықтырылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.10.07 N 322 қаулысымен.
      2) қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. "Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне жеткізуді, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақырылушылардың облыстық жиын пунктіне жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Жалағаш кентінің әкімі 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылғандардың құжаттарын сапалы дайындауға ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің қарамағына ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар арасынан 4 адам бөлсін.
      8. "Жалағаш аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды психодиагностикалық тексеруді жүргізу үшін ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне психолог маман бөлсін.
      9. "Қызылорда облысы Жалағаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" (келісім бойынша), "Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемелеріне (келісім бойынша), сондай-ақ Жалағаш кенті, ауылдық округі әкімдеріне осы қаулының орындалуы жөнінде ақпаратты 2011 жылдың 5 шілдесіне және 2012 жылдың 5 қаңтарына аудан әкімдігіне беру ұсынылсын.
      10. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 103 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 6 сәуірде N 10-6-146 тіркелген, 2010 жылғы 10 сәуірдегі N 28 (8585), 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 29 (8586) "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған);
      2) "2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 103 қаулысы өзгерістер енгізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 қыркүйектегі N 330 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 қазанда N 10-6-167 тіркелген, 2010 жылғы 23 қазанда N 86 (8643) "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған).
      11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Мұстафаеваға жүктелсін.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.10.07 N 322 қаулысымен. 
      12. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі                    Қ. БЕКЕНОВ

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қызылорда облысының денсаулық
      сақтау басқармасының
      "Жалағаш аудандық емхана"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының бас
      дәрігері ______________Х.Каметов
      "28" наурыз 2011 жыл

      "Қызылорда облысы Жалағаш
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы ______________М.Айтжанов
      "28" наурыз 2011 жыл

      "Қызылорда облысының Ішкі
      істер департаменті Жалағаш
      ауданының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы ___________ Б.Жарқынбаев
      "28" наурыз 2011 жыл

      2011 жылғы "28" наурыздағы
      N 82 Жалағаш ауданы әкімдігінің
      қаулысына 1-қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.10.07 N 322 қаулысымен.   

Айтжанов Манас Айтжанович

"Қызылорда облысы Жалағаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Ержанов Нұрлан Манатұлы

"Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Еспенбетов Берік Ізбасарұлы

"Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Абдуайтова Жанар Оңдасынқызы

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Жалағаш аудандық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);

Төребаева Күміс Әмитқызы

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Жалағаш аудандық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

      2011 жылғы "28" наурыздағы
      N 82 Жалағаш ауданы әкімдігінің
      қаулысына 2-қосымша

2011 жылдың сәуір-маусымында азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
      КЕСТЕСІ

N

Елді мекендердің атаулары

Шақыруды өткізу күндері

11.04.
2011 жыл

12.04.
2011 жыл

13.04.
2011 жыл

14.04.
2011 жыл

15.04.
2011 жыл

18.04.
2011 жыл

19.04.
2011 жыл

1.

Жалағаш кенті

х х х х х х х

2.

Ақсу ауылдық округі

х
х х


3.

Шаменов ауылдық округі



х х
х

4.

Қаракеткен ауылдық округі

х х х х х х

5.

Бұқарбай батыр ауылдық округі

х х х х х х

6.

Таң ауылдық округі

х х х

х х

7.

Аққұм ауылдық округі

х х х х х х х

8.

Еңбек ауылдық округі

х
х х х х х

9.

Аламесек ауылдық округі

х х х х х х х

10.

Жаңадария ауылдық округі


х х х
х х

11.

Мырзабай ахун ауылдық округі

х
х х


12.

Мәдениет ауылдық округі

х х х х х х х

13.

Мақпалкөл ауылдық округі

х х х х х х х

14.

Жаңаталап ауылдық округі


х

х х х

15.

Аққыр ауылдық округі

х х
х х х

      2011 жылғы "28" наурыздағы
      N 82 Жалағаш ауданы әкімдігінің
      қаулысына 3-қосымша

2011 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
      КЕСТЕСІ

N

Елді мекендердің атаулары

Шақыруды өткізу күндері

3.
10.
2011 жыл

5.
10.
2011 жыл

6.
10.
2011 жыл

7.
10.
2011 жыл

10.
10.
2011 жыл

11.
10.
2011 жыл

12.
10.
2011 жыл

13.
10. 2011 жыл

14.
10.
2011 жыл

17.10

2011 жыл

18.10

2011 жыл

19.10

2011 жыл

20.10

2011 жыл

21.10

2011 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

1

Жалағаш кенті

х х х х х х х х х х х х х х

2

Ақсу ауылдық округі

х х х










3

Шаменов ауылдық округі



х х х








4

Қаракеткен ауылдық округі

х х х х х х х х х х х х х х

5

Бұқарбай батыр ауылдық округі

х х х х х х х х х х х х х х

6

Таң ауылдық округі

х х


х х






7

Аққұм ауылдық округі

х х х х х х х х х х х х х х

8

Еңбек ауылдық округі

х х х х х х х х х х х х х х

9

Аламесек ауылдық округі

х х х х х х х х х х х х х х

10

Жаңадария ауылдық округі


х х

х х х х х х х х х

11

Мырзабай ахун ауылдық округі

х х х х









12

Мәдениет ауылдық округі

х х х х х х х х х х х х х х

13

Мақпалкөл ауылдық округі

х х х х х х х х х х х х х х

14

Жаңаталап ауылдық округі


х

х х х х х х х х х х

15

Аққыр ауылдық округі

х х

х х х х х х х х х х

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады