"Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығын туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі N 115 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы аудандық әділет басқармасында 2011 жылы 06 мамырда N 10-4-187 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 04 шілдедегі N 222 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.07.04 N 222 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 24 наурызда N 10-6-120 тіркелген, 2009 жылдың 1 сәуірінде N 27 "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасымен бекітілген Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығында:
      "Жалпы ережелер" деген 1-бөлімде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Нұсқаулық Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға әлеуметтік төлемдер беруді белгілейді."
      "Бюджеттен өтелетін әлеуметтік төлем түрлері" деген 2-бөлімде:
      3-тармақтағы "ай сайын" деген сөздер "бір мәрте" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Жекелеген санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтердің түрлері бойынша ай сайын тағайындалатын әлеуметтік төлемнің мөлшері" деген 3-бөлімде:
      тақырыбындағы "ай сайын" деген сөздер алынып тасталсын;
      кестедегі "Әлеуметтік көмекті көрсету мерзімі" деген баған алынып тасталсын;
      "Әлеуметтік төлем алу үшін қажетті құжаттар тізбесі" деген 4-бөлімде:
      5-тармақтағы "ай сайын" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулының 2-қосымшасымен бекітілген Жекелеген санаттағы азаматтарға шаштараздар және моншалар қызметтері бойынша әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығында:
      "Әлеуметтік төлемдердің түрлері" деген 2-бөлімде:
      3-тармақтағы "ай сайын" деген сөздер "бір мәрте" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі                  Қ. БЕКЕНОВ 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады