Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 04 наурыздағы N 765 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 наурызда N 10-6-120 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 04 шілдедегі N 222 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.07.04 N 222 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына сәйкес жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем беру мақсатында
Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы 1-қосымшаға;

      2) Жекелеген санаттағы азаматтарға шаштараздар және моншалар қызметтері бойынша әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. 3-қосымшаға сәйкес Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009.04.10 N 779 қаулысымен.

      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ                               Ө. ШАМЕНОВ

       Жалағаш ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 4 наурыздағы
N 765 қаулысымен
бекітілген қосымша

Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру НҰСҚАУЛЫҒЫ
 

1. Жалпы ережелер 

      1. Осы Нұсқаулық Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға әлеуметтік төлемдер беруді белгілейді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.04.12 N 115 қаулысымен.      

      2. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Бюджеттен өтелетін әлеуметтік төлем түрлері 

      3. Әлеуметтік төлем бір мәрте мына қызмет түрлері бойынша тағайындалады:

      1) электрмен жабдықтау;
      2) газбен жабдықтау (баллонды газ);
      3) жылумен қамтамасыз ету (орталықтандырылған жылу немесе қатты отын);
      4) ауыз сумен қамтамасыз ету;
      5) телефон байланысы (Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және жеңілдіктермен кепілдіктер жағынан соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға беріледі).
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009.04.10 N 779; 2011.04.12 N 115 қаулысымен.

3. Жекелеген санаттағы азаматтарға коммуналдық
қызметтердің түрлері бойынша тағайындалатын әлеуметтік төлемнің мөлшері

      Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.04.12 N 115 қаулысымен.            

Р/с

Әлеуметтік төлемнің түрлері

Жан басына шаққандағы

Орта есеппен 1 айға есептелгені

1

Электрмен жабдықтау

1 адам

45 квт/сағ 7,91 теңге

2

Газбен жабдықтау

1 адам

1 баллон 1200 теңге

3

Жылумен қамтамасыз ету (орталықтандырылған жылу немесе қатты отын)

1 адам

0,5 тн қатты отын 3250 теңге

4

Ауыз сумен қамтамасыз ету

1 адам

Тариф бойынша 50 теңге

5

Телефон байланысы

1 адам

Тариф бойынша 297 теңге 08 тиын

4. Әлеуметтік төлем алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      4. Әлеуметтік төлем алуға құқығы бар азамат "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш;
      2) жеке куәлік;
      3) азаматтарды тіркеу кітабы;
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
      5) әлеуметтік төлемді алу құқығын растайтын құжаттар.

      5. Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.04.12 N 115 қаулысымен.
      6. Әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.
      7. Әлеуметтік төлемдер тиісті бюджеттен бөлінген қаржы көлемінде атқарылады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009.04.10 N 779 қаулысымен.

Жалағаш ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 4 наурыздағы
N 765 қаулысымен бекітілген
2-қосымша

      Жекелеген санаттағы азаматтарға шаштараздар және моншалар қызметтері бойынша әлеуметтік төлемдер беру
НҰСҚАУЛЫҒЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық жергілікті өкілді органның шешімі бойынша жекеле-ген санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі- өтемақы алушылар) аудан бюджетінен шаштараздар және моншалар қызметтері бойынша әлеуметтік төлемдер беруді белгілейді.
      2. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік төлемдердің түрлері

      3. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға өтемақы бір мәрте мына түрлер бойынша тағайындалады:
      1) шаштараздар қызметі үшін әлеуметтік төлем-100 теңге;
      2) моншалар қызметі үшін әлеуметтік төлем-400 теңге.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.04.12 N 115 қаулысымен.

3. Қаржыландыру және төлеу

      4.Бағдарлама әкімшісі "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

4. Жәрдемақы алуды растайтын құжаттар тізбесі

      5. Әлеуметтік төлем алуға құқығы бар азамат "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш;
      2) жеке куәлік;
      3) азаматтарды тіркеу кітабы;
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
      5) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар.

      6. Әлеуметтік төлемдер тиісті бюджеттен бөлінген қаржы көлемінде атқарылады және екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009.04.10 N 779 қаулысымен.       

      7. Әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.

Жалағаш ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 4 наурыздағы
N 765 қаулысына 3-қосымша

Жалағаш ауданы әкімдігінің жойылған кейбір қаулыларының
ТІЗБЕСІ

      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009.04.10 N 779 қаулысымен.

      1. "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Қағидасы туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 101 қаулысы.
      2. "Жалағаш ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 101 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 6 қыркүйектегі N 213 қаулысы.
      3. "Жалағаш ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 101 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 373 қаулысы.
      4. "Жекелеген санаттағы азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету және әлеуметтік төлемдер беру мәселелері туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі N 445 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады