Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.07.04 N 222 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің нұсқаулықтарын бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 28 шілдедегі N 547 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 22 тамызда N 10-6-99 тіркелген, 2008 жылдың 27 тамызда N 72 "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 2-қосымшасымен бекітілген 1999 жылдың 26 шілдесіне дейін "Отан", "Даңқ" ордендерімен марапатталған, "Халық Қаhарманы" атағын және республиканың құрметті атақтарын алған азаматтарды әлеуметтік қолдау көмегін тағайындау және төлеу Нұсқаулығында:
кіріспедегі "ай сайын" деген сөздер "бір мәрте" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Жалпы ережелер" деген 1 бөлімде:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "ай сайын" деген сөздер "бір мәрте" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Алиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданы
әкімінің міндетін атқарушы Б. ТАСЫБАЙ