"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3-тармағына және 2011 жылғы 18 шілдедегі азаматтардың конференцияларының N 2 хаттамасының негізінде ШЕШЕМІН:
1. Қосымшадағы карта-сызбаға сәйкес Жалағаш кентіндегі Т.Қыстаубаев және Өмірбай шешен көшелері аралығындағы жаңа көше Әбшекен Әбжаппаровтың есімімен аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі Қ.Құлмахан