Жекелеген санатағы азаматтардың материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөнінде қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі N 1077 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған аудандық әділет басқармасында 2011 жылы 28 сәуірде N 10-7-140 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 маусымдағы N 73 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012.06.12 N 73 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес және аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мақсатында, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандағы жекелеген санаттағы азаматтардың материалдық - тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында облыстық
және аудандық бюджеттен бөлінген қаражаттың есебінен қосымша әлеуметтік қолдау шаралары жүргізілсін.
      2. Аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға қосымша әлеуметтік
қолдау шараларын көрсету Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. "Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Ауанов) аталған жекелеген санаттағы азаматтарға осы Қағидаға сәйкес материалдық көмектерді төлеуді жүргізсін.
      4. Аудан әкімдігінің:
      1) 2008 жылғы 20 тамыздағы "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің қағидасын бекіту туралы" N 158 қаулысының (нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 27 тамызда N 10-7-60 болып тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінің 2008 жылғы 30 тамыздағы N 69 санында ресми жарияланған) N 4 қосымшасымен бекітілген "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру қағидасы" мен N 5 қосымшамен бекітілген ""Ұлы Отан Соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға, Ауған соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандар мен мүгедектеріне жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік төлемдер беру қағидасының";
      2) 2008 жылғы 22 қазандағы "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің қағидасын бекіту туралы" N 206 қаулысының (нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 3 қарашада N 10-7-61 болып тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінің 2008 жылғы 8 қарашадағы N 90 санында ресми жарияланған);
      3) 2010 жылғы 15 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің қағидасын бекіту туралы" N 673 қаулысының (нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 7 мамырда N 10-7-99 болып тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінің 2010 жылғы 19 тамыздағы N 10 санында ресми жарияланған) N 6 қосымшасымен бекітілген "Аудандағы тыл ардагерлеріне коммуналдық төлемдерді төлеу қағидасының", N 7 қосымшамен бекітілген "Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсаңында аудандағы ардагерлерге бір жолғы материалдық көмек төлеу қағидасының" күші жойылған деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Ибрагимовке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енеді.

      Жаңақорған ауданының әкімі                Б. Еламанов

2011 жылғы 14 сәуірдегі
      N 1077 Жаңақорған ауданы
      әкімдігінің қаулысымен
      бекітілген

Аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету Қағидасы       1. Жалпы қағида

      1. Осы жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеу қағидасы (әрі қарай - ереже) "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша төмендегі санаттағы азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында тиісті бюджеттерден біржолғы материалдық көмек төлеу тәртібін белгілейді:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектері;
      2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (хабар-ошарсыз қалған, қайтыс болған) жауынгерлердің қайтадан некеге отырмаған жесірлері;
      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
      4) Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      5) 1986-1987 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар. Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақ жұмыстарына тікелей қатысқан, ядролық сынақ жұмыстарына байланысты мүгедектік алған азаматтар.
      2. Бағдарламаның әкімшісі болып аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі табылады.

       2. Көмектің төлеу тәртібі және мөлшері

      3. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыдан біржолғы материалдық көмек мынадай мөлшерде тағайындалады:
      - Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - 40 айлық есептік көрсеткіш;
      - Ұлы Отан соғысында қаза тапқан(хабар-ошарсыз қалған,қайтыс болған) жауынгерлердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне - 30 айлық есептік көрсеткіш;
      - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 30 айлық есептік көрсеткіш;
      - Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 30 айлық есептік көрсеткіш;
      - 1986-1987 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға, Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақ жұмыстарына тікелей қатысқан, ядролық сынақ жұмыстарына байланысты мүгедектік алған алған азаматтарға - 30 айлық есептік көрсеткіш.
      4. Көмектің мөлшерін қайта қарау жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты жүргізіледі.
      5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бөлінген қаржы шегінде бір жолғы материалдық көмекті, әлеуметтік төлем алушының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аудару жолымен оларға біржолғы материалдық көмек төлеуді мерзімде жүзеге асырады.

       3. 9 мамыр - Жеңіс күніне орай біржолғы материалдық көмек төлеуге облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану

      6. Біржолғы материалдық көмек төлеу мынадай мөлшерде жүзеге асырылады:
      Сауықтыру үшін берілетін біржолғы материалдық көмек:
      - Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - 66000 теңге;
      - Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне - 66 000 теңге;
      - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 25 000 теңге.
      - Әлеуметтік қолдау көрсету үшін біржолғы материалдық көмек (коммуналдық төлемдердің орнына):
      1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде 6 айдан кем емес жұмыс істеген тыл ардагерлеріне 26 527 теңге 50 тиын.
      7. Мемлекеттік зейнетақы төлеу Орталығының Жаңақорған аудандық бөлімшелері электронды және қағаз жеткізгіштерде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне осы Қағиданың 7-тармағында санамаланған, 2011 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Орталық бөлімшелерінен әлеуметтік төлемдер алатын адамдардың тізімдерін жібереді.
      8. "Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      ұсынылған тізімдерді ескере отырып, біржолғы материалдық көмекті алушылардың тізімдерін қалыптастырады;
      қалыптастырылған тізімдердің негізінде әрбір алушының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аудару жолымен оларға біржолғы материалдық көмек төлеуді жүзеге асырады.
      9. Көмектердің төленуі тиісті бюджеттерден бөлінген қаржы көлемінде атқарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады