Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 қарашадағы N 358 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 08 желтоқсанда N 10-8-158 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы N 86 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012.11.21 N 86 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету" Ережесіне сәйкес Сырдария аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
      1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі Қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс ХХХХІ
      сессиясының төрағасы                        Р. Есенов

      Аудандық мәслихат хатшысы                   А. Атақаев

      2011 жылғы 15 қарашадағы
      Сырдария аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс ХХХХІ сессиясының
      N 358 шешімімен бекітілген

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі
      ҚАҒИДА

      Осы Қағида (одан әрі - қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету" ережесіне сәйкес әзірленді және ауданда аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілейді.

       1. Жалпы ереже

      1. Осы Қағида да мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстар төлеміне, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
      кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн күтiп ұстау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган – "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      2. Тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен кент және ауылдық округтерде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстар төлеміне;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      3) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстар төлеміне, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

       2. Тиісті құжаттар тізбесі

      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) тұрғын үй көмегін алуға өтініші;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      5) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

       3. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      4. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың мынадай түрлері есепке алынады:
      1) еңбекақы және әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыстар;
      2) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
      3) жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      4) өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс.
      Кәсіпкерлік қызметпен арнаулы салық режимі жағдайында айналысатын адамдардың табысы бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде расталады.
      5. Жерлеуге берiлген бiржолғы жәрдемақы; төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянның өтемақысы; бала тууына байланысты берiлген бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы; аз қамтамасыз етiлген отбасылардың оқушыларына бiлiм беру мекемелерiнде Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасына сәйкес көрсетiлетiн қаржылай және материалдық көмек; азық-түлiк өнiмдерi бағасының қымбаттауына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бюджеттен және өзге де көздерден ақшалай және зат түрiнде көрсетiлген көмек; "Бота" Қоғамдық қорынан берiлетiн шарттастырылған ақшалай жәрдемақы; осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 155-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес басқа да табыстар жеке адамның табысы түрiнде қаралмайды және отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде есепке алынбайды.
      6. Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына әкеп соқтыратын толық емес немесе жаңсақ мәліметтер ұсынған кезде, өтініш берушіге және оның отбасына тұрғын үй көмегі төлемі тоқтатылады және артық есептелген сома белгіленген тәртіппен бюджетке қайтарылуға жатады.

       4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      7. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 15 пайыз мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді.
      8. Аудан бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:
      1) электрмен жабдықтау бойынша – электр энергиясын тұтынуды есептеу құралы бойынша, бірақ жергілікті атқарушы органдары белгілеген бір адам айына тұтынатын нормативтен (кВт/сағат) артық емес;
      электр қуаты – 1 айға бір адамға 70 кВт/сағат, екі адамға 140 кВт/сағат, үш адамға және одан көп мүшелері бар отбасыларына 1 айға 210 кВт/сағат;
      2) газбен жабдықтау 1 айға төрт адамға дейінгі мүшелері бар отбасыларына 1 баллон, салмағы – 10 кг, төрт адамға және одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 баллон, салмағы – 20 кг;
      3) сумен жабдықтау - суды тұтынуды есептеу құралы бойынша, бірақ жергілікті атқарушы органдары белгілеген бір адам айына тұтынатын нормативтен (текше метр) артық емес. Есептеу құралдары болмаған жағдайда көрсетілген нормативтер қолданылады.
      Ауыз суды пайдалану ай сайын әрбір адамға уәкілетті органдардың берген тарифі бойынша;
      4) қоқыс әкету қызметі үшін әрбір адамға тариф бойынша;
      5) кәріз қызметі үшін ай сайын әрбір адамға тариф бойынша;
      6) тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсу бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемі;
      7) отын пайдалану үш адамға дейінгі мүшесі бар отбасыларына 1 айға 0,5 тоннадан, үш адамға және одан көп мүшелері бар отбасыларға 1 айға 1 тоннадан;
      8) лифт қызметін көрсету әр отбасына тариф бойынша.

       5. Тұрғын үй көмегін төлеу

      9. Тұрғын үй көмегін төлеу бюджеттің есебінен жүргізіледі.
      10. Аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады