Шеген Қодаманов ауылындағы атауы жоқ көшеге Кемелбек Мақұлбековтің есімін беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі N 16 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі аудандық әділет басқармасында 2011 жылы 26 сәуірде N 10-9-201 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін - өзі басқару туралы" N 148 Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармағына, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылдың 26 қарашадағы N 6 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Шеген Қодаманов ауылындағы атауы жоқ көшеге елге еңбегі сіңген, соғыс ардагері Кемелбек Мақұлбековтің есімі берілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ                       М.ӘШІРБЕКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады