Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2012.01.20 N 1791 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 03 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 1163 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" аудан әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы N 1409 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2011 жылдың 01 сәуірінде
N 10-9-199 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2011 жылғы 06 сәуірдегі N 28/7861/ және 2011 жылғы 23 сәуірдегі N 34/7867/ шығарылымында жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Көрсетілген қаулының 5 тармағындағы "(С. Бекхожа келісім бойынша)" деген сөздер "(М. Бисембаев, келісім бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2) Көрсетілген қаулының 6 тармағындағы "Қ. Мүбараковқа" деген сөздер "Т. Жағыпбаровқа" деген сөздермен ауыстырылсын.
3) Көрсетілген қаулыға қосымшада:
мына:
Сатжанов Алтынбек Ақбердіұлы - "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
Доланбеков Бауыржан Кенбаевич - "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Жағыпбаровқа жүктелсін.
3. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ