Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2012.01.20 N 1791 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 03 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 1163Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шиелі ауданындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру "Қызылорда облысы Шиелі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Д.Нурхожин, келісім бойынша) арқылы ұйымдастырылсын және өткізілуі қамтамасыз етілсін.
2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Н.Әмір, келісім бойынша), аудандық шақыру комиссиясы құрамында аудандық медициналық комиссиясы құрсын.
4. Қызылорда облысы "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (С.Қарынбаев, келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ аудандық шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қызылорда облысының әділет департаменті Шиелі ауданының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (М. Бисембаев, келісім бойынша) әскери қызметке шақырылушылардың тегін, атын және әкесінің атын, туған күні мен туған жерін өзгерткені туралы, сондай-ақ әскери міндеттінің немесе әскерге шақырылушының қайтыс болғаны тіркелген жағдайлар туралы мәліметті "Қызылорда облысы Шиелі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне беру ұсынылсын.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011.09.26 N 1613 қаулысымен.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Жағыпбаровқа жүктелсін.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011.09.26 N 1613 қаулысымен.
7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ Н.НӘЛІБАЕВ
Шиелі аудан әкімдігінің
2011 жылғы "28" наурыздағы
N 1409 қаулысына қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011.09.26 N 1613 қаулысымен.
Нурхожин Даулеткали Ергалиевич |
"Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша); |
Беркімбаев Нұржан Кенжебекович |
"Шиелі ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары; |
Комиссия мүшелері: | |
---|---|
Доланбеков Бауыржан Кенбаевич |
"Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша); |
Курбангалиева Гулмира Валиуллаевна |
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша); |
Икматова Гүлбарам Тұрарқызы |
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша); |