"Ақтау, Форт - Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 223 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 16 тамызда № 2103 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 130 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.08.2023 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "поселке", "поселкелер", "поселкелерге", "поселкелері", "поселкелерді", "поселкелердің" деген сөздер тиісінше "кент", "кенттер", "кенттерге", "кенттері", "кенттерді", "кенттердің" деген сөздермен; "ауыл (село)", "ауылдық (селолық)", "ауылдардың (селолардың)", "ауылдарды (селоларды)", "ауылдар (селолар)", "ауылдарға (селоларға)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдық", "ауылдардың", "ауылдарды", "ауылдар", "ауылдарға" деген сөздермен ауыстырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.06.2016 № 194 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысынасәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтау, Форт - Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2009 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2008 жылғы 13 мамырдағы № 73 жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 - қосымшасында:

      2 - тармақ мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

      Түпқараған ауданы Баутино ауылындағы теңіздік операцияларын қолдау базасындағы теңіз учаскесі үшін бекітілген жобалық-сметалық құжаттама негізінде су қорғау белдеуінің ең аз ені 35 метр, бұрынғы болған ұзындығы 377,32 метр, су қорғау белдеуінің шекарасы топырақ үйінді жағынан ұзындығы 289,77 метрге ауыстырылсын (су қорғау белдеу шекарасының координаты А нүктесінен (х=440772,6; у=4934146,7) Ж нүктесіне дейін (х=440817,5; у=4934419,5).

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.06.2016 № 194 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Түпқараған ауданының әкімі (С.Ө. Трұмов):

      енгізілген толықтыруды есепке алып, Баутино кенті ауданында Түпқараған бұғазының солтүстік - шығыс жағалауындағы және теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасының теңіз айлағын 260 метрге кеңейтуге арналған биіктігі 4 метр топырақ үйіндісін су қорғау белдеулерінің шекарасын табиғи түріне ауыстыруды жүзеге асырсын;

      жер - есепке алу құжаттамасына өзгерістер енгізсін;

      осы жұмыстардың жүргізілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.06.2016 № 194 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.З. Паритовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

Қ. Көшербае


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

      министрлігінің Мемлекеттік

      санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау

      комитетінің Маңғыстау облысы бойынша

      департаментінің директоры

      Б.Б.Өтесінов

      28 шілде 2011 жыл

      Жайық - Каспий экология департаментінің

      Маңғыстау облыстық филиалының бастығы

      Б.М.Ниязов

      28 шілде 2011 жыл

      Қазақстан Республикасы

      Жер ресурстарын басқару агенттігінің

      Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша

      өңіраралық жер инспекциясының бастығы

      Ғ.Е.Сүлейменов

      28 шілде 2011 жыл

      Маңғыстау облысының жер қатынастары

      басқармасының бастығы

      Қ.С.Оразбаев

      28 шілде 2011 жыл

      Маңғыстау облысының табиғи ресурстар

      және табиғат пайдалануды реттеу

      басқармасының бастығы

      Ж.Албытов

      28 шілде 2011 жыл

      Маңғыстау облысының энергетика және

      коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы

      С.Х.Аманбеков

      28 шілде 2011 жыл

      Су ресурстарын пайдалануды реттеу және

      қорғау жөніндегі Жайық - Каспий бассейндік

      инспекциясының бастығы

      Б.О.Қуанов

      28 шілде 2011 жыл

      КЕЛІСІЛДІ

      Б.З.Паритов

      Е.Е.Серікбаев

      Ж.А.Оспанова

      А.Әбдешұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады