Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 130 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 тамызда № 4597-12 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125 - баптарына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі белгіленсін.

      3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы К. Кульджанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық

      сақтау министрлігінің Санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау комитеті

      Манғыстау облысының санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология

      және табиғи ресурстар министрлігі

      Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын

      пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі

      Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің

      Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының жер қатынастары

      басқармасы" мемлекеттік мекемесі


  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2023 жылғы 24 тамыздағы
  № 130
  қаулысына 1-қосымша

Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

Су объектісінің атауы

Орналасқан жері

Су қорғау
аймағының ауданы (гектар)

Су қорғау
белдеуінің ауданы (гектар)

Су қорғау
аймағының ені (метр)

Су қорғау
белдеуінің ені (метр)

1

Каспий теңізі

Ақтау қаласы

-

290,5

-

35

2

Каспий теңізі

Ақтау қаласынан Қарақия ауданының Құрық ауылының аумағына дейін

3000

150

2000

100

3

Каспий теңізі

Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы

3800

66,5

2000

35

4

Каспий теңізі

Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласынан Ақтау қаласының аумағына дейін

12000

600

2000

100

5

Каспий теңізі

Түпқараған ауданының  Форт-Шевченко қаласынан Атырау облысының аумағына дейін

179600

8980

2000

100

6

Каспий теңізі

Қарақия ауданының Құрық ауылы

2400

42

2000

35

7

Каспий теңізі

Қарақия ауданының Құрық ауылы – Кендірлі демалыс аймағы

13600

680

2000

100

8

Каспий теңізі

Қарақия ауданының Кендірлі демалыс аймағы

1400

24,5

2000

35

9

Каспий теңізі

Қарақия ауданының Кендірлі демалыс аймағынан Қазақстан - Түрікменстан мемлекеттік шекарасына дейін

14800

740

2000

100

      Ескерту:

      су қорғау аймақтары және су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.


  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2023 жылғы 24 тамыздағы
  № 130
  қаулысына 2-қосымша

Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

       1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

      2. Су қорғау аймақтарының шегінде:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2023 жылғы 24 тамыздағы
  № 130
  қаулысына 3-қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы"  қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2009 болып тіркелген).

      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 2631 "Маңғыстау облысы әкімдігінің "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2040 болып тіркелген).

      3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 2788 "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2057 болып тіркелген).

      4. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 22 маусымдағы № 237 "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2073 болып тіркелген).

      5. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 331 "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2083 болып тіркелген).

      6. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 390 "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2087 болып тіркелген).

      7. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 223 "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2103 болып тіркелген).

      8. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 118 "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2248 болып тіркелген).

      9. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 194 "Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3108 болып тіркелген).

      10. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 244 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3457 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады