Ақтау қаласында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 42/385 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 3 маусымда № 11-1-156 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 31/358 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 19.05.2020 № 31/358 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) шешімімен.
      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 26.02.2019 № 23/252 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 546 бабына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 26.02.2019 № 23/252 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтау қаласында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 26.02.2019 № 23/252 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е.Қосмағанбетов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы Ж.Матаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақтау қалалық кәсіпкерлік

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      бастығы

      А.Ержанов

      27 сәуір 2011 жыл

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Маңғыстау облысы бойынша

      салық департаменті бастығының

      міндетін атқарушы

      Б.Ұлықбанов

      27 сәуір 2011 жыл

 
  Қалалық мәслихаттың
2011 жылғы 27 сәуірдегі
№ 42/385 шешіміне
қосымша

Ақтау қаласында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 26.02.2019 № 23/252 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

р/с №

Салық салу объектілерінің атауы

Салық салу бірлігі

Айлық мөлшерлемесінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

әрбір ойын автоматына

2,5

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

әрбір ойын автоматына

5

3

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

әрбір компьютері

2,5

4

Ойын жолы

әрбір жолға

25

5

Карт

әрбір картқа

7

6

Бильярд үстелі

әрбір үстелге

17

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

әрбір айырбастау пунктіне

30


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады