Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012.06.25 № 268 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша «Жастар практикасын» ұйымдастыратын жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың (бұдан әрі - жұмыс беруші) ұсынған жұмыс орындарының тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орындарын бітірген түлектерге (бұдан әрі - түлектер) «Жастар практикасын» ұйымдастырсын.
3. Уәкілетті орган түлектерді жастар практикасына қабылдау мүмкіндіктері бар кәсіпорындар және ұйымдар туралы ақпарат жинақтау бойынша жұмыстар жүргізсін.
4. Уәкілетті орган түлектерді жастар практикасына қабылдауға келісім берген жұмыс берушімен келісім шарт жасассын.
5. Уәкілетті орган түлектерді іріктеген кезде төмендегідей өлшемдерді ескерсін:
1) түлектердің жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркеуде тұруы;
2) түлектердің жасы 29 жастан аспауы;
3) кәсіптік білімі болуы;
4) уәкілетті органның мәліметі бойынша жастар практикасын ұйымдастыру кезінде оларға лайықты жұмыстың болмауы.
6. Жастар практикасы республикалық бюджеттің нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылады.
7. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Боранбаеваға жүктелсін.
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі О.Сарбөпеев
КЕЛІСІЛДІ:
Н.Б.Ғұмарова
16 қыркүйек 2011 ж
«Жаңаөзен қалалық экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Р.К.Джантлеуова
16 қыркүйек 2011 ж
«Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ж.А.Бекова
16 қыркүйек 2011 ж
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Жаңаөзен қала әкімдігінің
2011 жылы 16 қыркүйектегі
№ 534 қаулысына
қосымша
«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша жастар практикасын ұйымдастыратын жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорындар тізбесі
№ | Мекемелердің атаулары | Бар- лығы |
Еңбекақы мөлшері /мың теңге/ | Жұмыс мерзі-мі | Жұмыс көлемі | Қаржы көзі |
---|---|---|---|---|---|---|
1. |
«Круз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
10 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
2. |
«Бұрғылау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
10 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
3. |
«Қазақ газ өндеу зауыты» » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
5 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
4. |
«Жол сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
5 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
5. |
«Өзен құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
2 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
6. |
«Петрол сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
6 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
7. |
«Жанарыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
4 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
8. |
«DIGITAL TV » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
5 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
9. |
«МүнайФилд- |
5 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
10. |
«Өзен жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
1 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
11. |
«Теміртас-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
3 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
12. |
«Жаңаөзен сүт зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
3 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
13. |
«LINGUA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
1 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
14. |
«Өзен көркем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
3 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
15. |
«Электржүйеле-рі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
3 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
16. |
«Жаңаөзен политехникалық колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
3 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
17. |
«Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны |
20 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
18. |
«Өзен жылу» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны |
3 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
19. |
«Өзенэнерго- |
5 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
20. |
«Қайсар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны |
3 |
26000 (жиырма алты) |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
Респуб-ликалық бюджет |
Барлығы: |
100 |
15 600 000 тенге |