Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 28/197 шешімімен.
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 қарашадағы № 32/192 «Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектер жүйесін ретке келтіру туралы» (мемлекеттік тіркелу тізілімінде тіркелген нөмірі 11-3-107, «Рауан» газетінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 6 (1979) санында ресми жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1. Шешіммен бекітілген «Бейнеу ауданы бойынша азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына көрсетілетін көмек түрлерінің тізілімі, мерзімділігі, және мөлшері» № 1 қосымшасындағы:
«Әлеуметтік көмек алушы азаматтардың санаттары» бағанындағы «Аудандар мен қалалардың Құрметті азаматтары», «Әлеуметтік көмек мөлшері» бағанындағы «10 АЕК» деген жол алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Д.Ақшабаева
Аудандық мәслихат
хатшысы м.а. Ө.Шығанбайұлы
«Келісілді»
«Бейнеу аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
Б.Өмірбеков
19 қыркүйек 2011 жыл