Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 1 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттығына барлық үміткерлердің үгіттік басылым материалдарын Маңғыстау ауданы бойынша орналастыру орындары қосымшаға сай белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Б.Сарбалаевқа жүктелсін.
3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Боқанов
КЕЛІСІЛДІ:
Маңғыстау аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы
Аққұлов Асқар Лақбайұлы
29 шілде 2011 жыл
Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 29 шілдедегі
№ 184 қаулысына косымша
Маңғыстау ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіттік басылым материалдарын орналастыру орындарының тізімі
р/с |
Елді мекеннің атауы |
Сайлаушылармен үгіт жүргізу орнының орналасқан жері |
1 |
Шетпе селосы |
Орталық базар, муниципалдық сауда орталығы аумақтарындағы, теміржол вокзалы, автобекет, Маңғыстау техникалық колледжі ғимараттарындағы щиттерде, орталық сквер жанындағы, Құрылысшы шағын ауданындағы, Салтанат мейрамханасы жанындағы, ашық спорт стадионы жанындағы билбордтар тұғырында |
2 |
Өтес селосы |
Теміржол вокзалы және селолық спорт кешені ғимараттарындағы щиттерде, Өтес селосына кіре берістегі билборд тұғырында |
3 |
Жыңғылды селосы |
Е.Айшуақұлы атындағы мектебі және селолық пошта ғимараттарындағы щиттерде |
4 |
Тұщыбек селосы |
Е.Оразақов атындағы шипажай аумағындағы щитте |
5 |
Шайыр селосы |
Шайыр орта мектебі ғимаратындағы және орталық парк аумағындағы щиттерде |
6 |
Тұщықұдық селосы |
С.Жаңғабылов атындағы мектебі ғимаратындағы щитте |
7 |
Шебір селосы |
Қаратөбе орта мектебі ғимаратындағы щитте |
8 |
Қызан селосы |
«Қызан» ӨК және «Балауса» бала бақшасы ғимараттарындағы щиттерде |
9 |
Ақшымырау селосы |
«Ақшымырау» ЖШС және селолық клуб ғимараттарындағы щиттерде |
10 |
Жармыш селосы |
«Жармыш» ӨК және мәдениет үйі ғимараттарындағы щиттерде |
11 |
Онды селосы |
«Онды» ӨК және Онды орта мектебі ғимараттарындағы щиттерде |
12 |
Ұштаған селосы |
«Ұштаған» ӨК ғимаратындағы щитте |