Ескерту. Күші жойылды - Түпқараған аудандық әкімдігінің 2012.07.02 № 463 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлерінің тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.А.Алтынғалиевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Маңғыстау облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі С.У. Трумов
КЕЛІСІЛДІ:
«Түпқараған аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Жарылғапова Оразгүл Бекиевна
22 қыркүйек 2011 жыл
«Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығығының м.а.
Ермекова Алтынай Қожагуловна
22 қыркүйек 2011 жыл
Түпқараған ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 279 қаулысына
Қосымша
Тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлерінің тізімі
№ | Әлеуметтік көмектің түрлері | Азаматтардың санаттары | Әлеуметтік көмектің мөлшері | Мерзімді-лігі |
---|---|---|---|---|
1 |
Отын сатып алу үшін және коммуналдық қызметтер ақысын төлеуге берілетін өтемақыға әлеуметтік көмек |
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау,әлеуметтік қамтамасыздандыру, |
12100 теңге |
жылына 1 рет |
2 |
Тұрғын- үй көмегі |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.12.2009 жылғы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес |
Коммуналдық шығын төлемдерінің ақысы жанбасылық табыстан артық отбасыларға |
ай сайын |
3 |
Әлеуметтік көмек (Төлем ақы орталығының тізімі негізінде) |
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға |
1512 теңге |
ай сайын |
Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың балаларына |
1512 теңге |
ай сайын |
||
4 |
Азаматтардың арыздары бойынша берілетін бір жолғы материалдық көмек |
Халықтың осал топтарына |
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде |
жылына 1 рет |
5 |
9 Мамыр-Жеңіс күніне |
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары |
100000 теңге |
жылына 1 рет |
Жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар |
60000 теңге |
жылын 1 рет |
||
оның ішінде |
||||
Ауғанстанда әскери міндетін өтеу кезінде мүгедек болған әскери қызметшілері |
60000 теңге |
жылына 1 рет |
||
Чернобыль Атом электр станциясынан апат салдарынан мүгедек болған адамдар |
60000 теңге |
жылына 1 рет |
||
Жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар |
50000 теңге |
жылына 1 рет |
||
оның ішінде |
||||
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республика Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес, Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде қатысқандардың әскери қызметшілері |
50000 теңге |
жылына 1 рет |
||
Чернобыль Атом электр станциясынан апат зардаптарын жоюға қатысқан адамдар |
50000 теңге |
жылына 1 рет |
||
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлері |
40000 теңге |
жылына 1 рет |
||
Еңбек майданына қатысқандар мемлекеттік наградаларымен марапатталғандар |
10000 теңге |
жылына 1 рет |
||
Тылдағы еңбегі үшін |
10000 теңге |
жылына 1 рет |
||
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендер, басқа да санаттары (қаза болған әскери қызметшілердің отбасына) |
10000 теңге |
жылына 1 рет |
||
6 |
Қазақстан Республикасының Конституция күніне |
Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың балаларына |
3024 теңге |
жылына 1 рет |
Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге |
54432 теңге |
жылына 1 рет |
||
Аудандар мен қалалардың Құрметті азаматтары |
15120 теңге |
жылына 1 рет |
||
7 |
Мүгедектер күніне: |
Мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар мен 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға |
3024 теңге |
жылына 1 рет |
8 |
Қарттар күніне: |
70 жасқа толған жалғызлікті зейнеткерлерге |
3024 теңге |
жылына 1 рет |
9 |
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнындағы студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек |
Облыс әкімінің гранты негізінде жоғарғы оқу орнында білім алушы халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын студенттер(№ 384 04.11.2010 ж. Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы) |
Оқу ақысы |
жыл сайын |
Шәкіртақы |
ай сайын |
|||
10 |
Әлеуметтік қамтамасыз ету |
Үйден оқып тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балаларға әлеуметтік көмек |
7560 теңге |
ай сайын |