Мұнайлы ауданының аумағында сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайларды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мүнайлы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 05 тамыздағы № 106-қ қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2011 жылғы 26 тамызда № 11-7-97 тіркелді. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 02 шілдедегі № 144-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 02 шілдедегі № 144-қ қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 46 тармақтарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың Мұнайлы ауданы бойынша сайлаушылармен кездесу өткізу үшін келісім шарт негізінде үй-жайлар № 1 - қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың Мұнайлы ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар № 2 - қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б. Біләловке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                    Е. Әбілов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Мұнайлы аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      Е.Овезов
      04 тамыз 2011 жыл

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 05 тамыздағы
№ 106 - қ қаулысына
№ 1 - қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың Мұнайлы ауданы бойынша сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй - жайлардың тізбесі

Елді-мекеннің атауы

Кездесулер өткізілетін орындар

Маңғыстау селосы

№ 1 орта мектептің акт залы

Қызылтөбе селолық округі

«Маңғыстау» мәдениет үйінің концерт залы

Баянды селосы

Баянды ауыл клубының концерт залы

Басқұдық селолық округі

Маңғыстау кәсіптік академиясының ғимараты

Атамекен селолық округі

«Каспий» өндірістік базасының ғимараты

Дәулет селолық округі

№ 4 орта мектептің акт залы

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 05 тамыздағы
№ 106 - қ қаулысына
№ 2 қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың Мұнайлы ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындардың тізбесі

Елді-мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Маңғыстау селосы

1) «Маңғыстау» темір жол вокзалы аумағындағы ақпараттық стенд

2) Қоғамдық ұйымдар ғимараты аумағындағы ақпараттық стенд

Қызылтөбе селолық округі

«Қазпошта» АҚ-ы Маңғыстау облыстық филиалы Қызылтөбе селолық округіндегі бөлімшесінің аумағындағы ақпараттық стенд

Баянды селосы

№ 3 орта мектептің аумағындағы ақпараттық стенд

Басқұдық селолық округі

Басқұдық селолық округіндегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының аумағындағы ақпараттық стенд

Атамекен селолық округі

Атамекен селолық округіндегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының аумағындағы ақпараттық стенд

Дәулет селолық округі

Дәулет селолық округіндегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының аумағындағы ақпараттық стенд

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады