Ескерту. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық мәслихатының 12.12.2013 № 17/201 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына:
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға әлеуметтік көмек белгіленсін және төленсін.
2. Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі-Уәкілетті орган) болып табылады.
3. Уәкілетті орган Мұнайлы аудандық зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының ұсынған тізімдері негізінде әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
4. Әлеуметтік көмек аудандық бюджет қаражаты есебінен 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын төленеді.
5. Азаматтарға әлеуметтік көмек төлеу Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің табыстаған тізімінің негізінде екінші деңгейдегі банктер және Агенттік келісімі бойыншы комиссиондық сыйақы төленуімен «Қазпочта» (Бұдан әрі - Қазпочта) Акционерлік қоғамының филиалдарының желілері арқылы үш айға бір төлеммен жүзеге асырылады.
6. Әлеуметтік көмектің дұрыс тағайындалып және төленуіне жауапкершілік Уәкілетті органға жүктеледі.
7. Алушылар тізімдерінің дұрыс және мезгілінде жасақталуы Мұнайлы аудандық зейнетақы төлеу жөніндегі орталығына жүктеледі.
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н. Кенджикараев
Аудандық мәслихат
хатшысының өкілеттілігін
уақытша жүзеге асырушы Қ. Ильясов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы Ж. Тұманбаева
29 шілде 2011 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің
бастығы А. Толыбаева
29 шілде 2011 жыл.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық зейнетақы төлеу
жөніндегі орталығы» мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорынының
бастығы Ұ. Төлегенова
29 шілде 2011 жыл.