Мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 233 "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 375 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 17 наурызда № 3755 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 2 наурызжағы № 245 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 02.03.2018 № 245 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2009 жылғы 20 қарашадағы № 233 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік) тіркеу тізілімінде 3697 нөмірімен тіркелген, 2009 жылы 23 желтоқсанда "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтағы "пайызға" деген сөзден кейін ", 495-баптың 6-тармағы кестесінің 1.3.5 жолында белгіленген жүз пайызға көтеретін төлемақы ставкаларынан басқалары," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Аманжолов
      Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Төкенов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар

      және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      _____________ Қ. Төлеубаев

      "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы

      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің

      бастығы

      ___________ С. Аймұхамбетова

      "Қостанай облысы әкімдігінің экономика

      және бюджеттік жоспарлау басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      ___________ М. Щеглова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады