"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдарының және басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 206 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3761 болып тіркелген, 2011 жылғы 18 мамырда "Костанайские новости" газетінде жарияланған).
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы
басқармасы" ММ бастығы
_______________ Қ. Ғабдулин
Әкімдіктің
2012 жылғы 28 мамырдағы
№ 249 қаулысына қосымша
2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының тізбесі және көктемгі егіс және егін
жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май
материалдарының және басқа да тауар-материалдық
құндылықтардың құнын арзандатуға арналған
субсидиялардың нормалары
№ |
Басым ауыл шаруашылығы |
1 гектарға арналған |
1. |
Жазғы бидай |
400 (базалық норма бойынша) |
2. |
Сұлы |
500 (базалық норма бойынша) |
3. |
Бұршақ тұқымдастар |
600 (базалық норма бойынша) |
4. |
Майлы дақылдар |
3800 (базалық норма |
5. |
Картоп |
28500 (базалық норма |
6. |
Көкөнiс-бақша дақылдары |
30000 (базалық норма |
7. |
Жемшөптік, оның ішінде |
800 (базалық норма бойынша) |
8. |
Шабындық жерлерді |
800 (базалық норма бойынша) |
9. |
Сүрлемдік жүгері мен |
800 (базалық норма бойынша) |