Коммуналдық мүлік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға беру Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 413 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 16 қарашада № 3785 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 52 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 26.02.2014  № 52 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 75-бабының 3-тармағына сәйкес Қостанай облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған коммуналдық мүлік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға беру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Кулагин 
 

Әкiмдіктің         
2011 жылғы 14 қазандағы   
№ 413 қаулысымен бекiтiлген 

Коммуналдық мүлік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға беру ҚАҒИДАСЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру тәртібін, соның ішінде тендер өткізу, сенімгерлікпен басқарушылармен шарттар жасасу және сенімгерлікпен басқарудың шарттары бойынша міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) басқару органы – акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығын және/немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың (аясының) уәкілетті органы;
      2) коммуналдық мүлік – әкімшілік-аумақтық бөліністердің (облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) мүлкі;
      3) коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы (бұдан әрі – құрылтайшы) – коммуналдық мүлікті басқаруға облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен (әкімдігімен) уәкілетті атқарушы орган;
      4) объект – мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешені, мемлекетке тиесілі бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері), ақша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда сенімгерлікпен басқару шартының объектісі болып табылатын өзге мемлекеттік коммуналдық мүлік;
      5) сату бағасы – кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушының бағалау туралы есебі және тендерлік комиссияның ұсынымы негізінде айқындалатын объектінің құны;
      6) сенімгерлікпен басқарушы – коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысымен сенімгерлікпен басқару шартын жасасқан жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
      7) тендер жеңімпазы – тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған тендерге қатысушы;
      8) тендерлік комиссия – жергілікті атқарушы органы немесе коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы объектіні сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрған комиссия;
      9) тендерге қатысушы – тендерге қатысуға жіберілген жеке немесе заңды тұлға;
      10) тендер – коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы оларға ұсынылған талаптар негізінде тендер жеңімпазымен шарт жасасуға міндеттенетін объектіні сенімгерлікпен басқаруға беру бойынша конкурстық сауда-саттықтың түрі;
      11) шарт – коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы мен сенімгерлікпен басқарушының арасында жасалатын объектіні сенімгерлікпен басқару шарты.

2. Объектіні сенімгерлікпен басқаруға берудің тәртібі

      3. Объектілерді сенімгерлікпен басқаруға беру екі тәсілмен жүргізіледі:
      1) кейіннен сатып алу құқығынсыз;
      2) кейіннен сатып алу құқығымен.
      4. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімді әкімшілік-аумақтық бөліністің мүддесінде жергілікті атқарушы органы қабылдайды.
      Сенімгерлікпен басқарудың шешімді қабылдау негіздемесі:
      сатып алу құқығымен – коммуналдық мүлікті мемлекеттік мақсаттарда пайдаланудың жөнсіздігі;
      сатып алу құқығынсыз – объектінің өндірістік қажеттілігі, сақтаулығы және сауығуы болып табылады.
      5. Объектілерді кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға беру мынадай түрлерде:
      1) тендерді өткізбестен;
      2) тендерлік негізде жүзеге асырылады.
      6. Коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру түрі туралы шешімді құрылтайшы қабылдайды.
      7. Кейіннен сатып алу құқығымен объектіні сенімгерлікпен басқаруды құрған жағдайда тендерді өткізу міндетті болып табылады.
      8. Объектілерді сенімгерлікпен басқаруға берудің кейбір жағдайларында ерекшеліктер бар:
      1) мемлекеттік меншік болып табылатын жергілікті маңыздағы тарихи және мәдени ескерткіштердің объектілерін беруді күзету міндетін алған жағдайда кейіннен сатып алу құқығынсыз жеке және заңды тұлғалар жүргізеді;
      2) пайдаланушы ұйымдарға коммуникациялардың инженерлік желі объектілерін беру сенімгерлікпен басқарушының қаражаты есебінен осы күйінде коммуникация желілерін ұстау шарттарында пайда алушының мүддесінде жүргізіледі;
      3) объектілерді өзінің қызметін мемлекеттік бағдарламалар (мемлекеттік тапсырыс, тұжырымдама, жоспар) шеңберінде жүзеге асыратын, әлеуметтік бағыты бар, коммерциялық емес ұйымдарға беру кейіннен сатып алу құқығынсыз, тендерді өткізбестен және қаржылық пайдасыз, сеніп тапсырылған мүлікті сақтау және ұстау шарттарында жүргізіледі;
      4) объектілерді заңды тұлғалардың жарғылық капиталының төлем есебіне бергенге дейін, оларды беру осы заңды тұлғалармен кейіннен сатып алу құқығынсыз, тендерді өткізбестен жүргізіледі;
      9. Объектіні сенімгерлікпен басқару "Республикалық мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысымен бекітілген үлгілік шартқа сәйкес жасалған шарт бойынша мәміле негізінде туындайды (құрылады).
      10. Құрылтайшы коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру мақсатында объектіні беруге дайындықты жүзеге асырады, тендерді ұйымдастырады, сенімгерлікпен басқарушымен сенімгерлікпен басқару шартын жасасады, сенімгерлікпен басқару шарты талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
      11. Объектіні сенімгерлікпен басқаруға беру шарты мемлекеттік мүлікпен мәмілені рәсімдеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерге сәйкес анықталады.
      12. Объектіні сенімгерлікпен басқаруға тендер өткізбестен берген кезде мүдделі тұлғаның ерікті түрде берілетін объектіні сенімгерлікпен басқаруға беру өтініміне мынандай құжаттар қоса беріледі:
      1) баланс ұстаушының объектіні сенімгерлікпен басқаруға беруге жазбаша келісімі;
      2) объектінің қажеттілігіне негіздеме;
      3) заңды тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын көрсете отырып, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы) көшірмелері не аталған құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
      жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын көрсете отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не аталған құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
      Коммуналдық заңды тұлға (баланс ұстаушы) өзінің коммуникация объектісін жеке меншік нысанында қызмет көрсететін ұйымның сенімгерлікпен басқаруына беруге өтініш білдірген жағдайда, өтінішке осы ұйымның келісімі мен оның құқығын белгілейтін құжаттардың көшірмелері, беру негіздемесі, берілетін объектінің мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын растайтын құжаттарының көшірмелері қоса беріледі.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 01.04.2013 № 129 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      13. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде объектіні сенімгерлікпен басқаруға беруге өтінішті коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы отыз жұмыс күнтізбелік күнінен аспайтын мерзімде қарастырады.
      14. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде сенімгерлікпен басқарушымен коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы жергілікті атқарушы органы объектіні сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді қабылдаған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей жасалады.

3. Тендерлік комиссия

      15. Тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрылтайшы тұрақты тендерлік комиссияны құрады, оның құрамына келісім бойынша құрылтайшының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және басқа да жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері енгізіледі. Тендерлік комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамнан құрылады. Комиссияның төрағасы облыстық коммуналдық мүлікті берген кезінде құрылтайшының өкілі болып табылады. Аудандық коммуналдық мүлікті берген кезінде комиссияның төрағасы жергілікті атқарушы органның өкілі (әкімнің орынбасары) болып табылады.
      Комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің көпшілік қарапайым дауыстарымен қабылданады. Егер дауыстар тең болса, Төрағаның дауысы шешуші болады.
      16. Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) объектіні кейіннен сатып алу құқығымен берген жағдайда, бағалаушымен берілген объектіні бағалау құны туралы есеп негізінде объектінің сату бағасын ұсынады;
      2) тендер шарттарын айқындайды;
      3) кепілді жарнаның мөлшерін айқындайды;
      4) тендер өткізеді;
      5) тендердің нәтижесін хабарлайды.
      17. Тендерлік комиссияның хатшысы құрылтайшының өкілі болып табылады және комиссияның мүшесі болып табылмайды. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті құжаттарды дайындайды және тендерлік комиссияның хаттамасын ресімдейді.

4. Объектіні сенімгерлікпен басқаруға беруге дайындау

      18. Сенімгерлікпен басқарудың объектісі бойынша ақпараттық хабарландыруды жарияланғанға дейін объект туралы мәліметті енгізетін құжаттар топтамасын жинастырады.
      Объектіні сенімгерлікпен басқаруға беруге дайындауды коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы жүзеге асырады.
      19. Басқару органы коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысына акциялары (үлестері) не мүліктік кешені объект болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, соңғы үш жылдағы қаржылық-шаруашылық қызметі туралы толық ақпаратты, объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсынысты береді.
      Өзге объектілер бойынша басқару органы коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысына объектінің сипаттамасын, объектінің баланстық құны туралы мәліметтерді және объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсынысты береді.
      20. Объектілері сенімгерлікпен басқаруға беру объектісі болып табылатын коммуналдық заңды тұлғалардың лауазымды адамдары құрылтайшының сұрау сауалы бойынша олар белгілеген мерзімде объектіні сенімгерлікпен басқаруға беруге дайындау үшін қажетті мәліметтерді береді және берілген мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады.
      21. Тендерді өткізуге дайындық кезінде құрылтайшы ақпараттық хабарды уақытылы жариялауды қамтамасыз етеді, тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау мен тіркеуді жүргізеді, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектінің бағалау құнын қамтамасыз етеді (объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға берген жағдайда), келіп түскен материалдарды тендерлік комиссияның қарауына жібереді.
      22. Тендерді өткізу туралы ақпараттық хабарламаны құрылтайшы оны өткізгенге дейін кемінде 15 күнтізбелік күн ішінде, ал акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталында қатысу үлестерін берген кезде – оны өткізгенге дейін кемінде 30 күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде мерзімді баспа басылымдарында жариялайды.
      Ақпараттық хабарламада тендерді өткізу күні, уақыты, орны, сенімгерлікпен басқару тәсілі туралы мәліметтер (кейіннен сатып алу құқығымен, құқығынсыз), объект және оның бағасы, тендердің шарттары, тендерді өткізу тәртібі, тендерге қатысуды ресімдеу тәртібі, кепілдік жарнаның мөлшері және құрылтайшының банктік реквизиттері, тендерді жеңіп алған тұлғаны анықтау шарттары туралы мәліметтер, құрылтайшының телефоны және орналасқан жері туралы мәліметтер және құрылтайшының шешімі бойынша қосымша ақпарат бар.
      23. Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін құрылтайшы тілек білдірушілердің барлығына объект туралы ақпаратқа және тендерді өткізу ережелеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Жарнаманың басқа түрлері еркін нысанда жүзеге асырылады және қатысушыларды кеңінен тартуға бағытталды.
      24. Тендерге қатысқы келетін тұлғалардың өтімдерін қабылдау және тіркеу осы Қағиданың 32-тармағында қарастырылған құжаттардың толық жиынтығы болған кезде жүргізіледі.
      25. Тендерлік комиссиямен тендердің талаптары өзгерген жағдайда осы барлық өзгерістер туралы хабарландыру Қағиданың 22-тармағында белгіленген тәртіпте және мерзімде жарияланады.
      Оның шарттары өзгергені туралы хабарламаны жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты қатысудан бас тартқан тұлғаларға кепілдік жарна қайтарылады.
      26. Тендерге қатысушылар тендерді өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мөлшерінде, мерзімі мен тәртібінде кепілдік жарнаны төлейді. Кепілдік жарнаны қатысушы атынан кез-келген басқа жеке немесе заңды тұлға сала алады.
      Кепілдік жарнаны алушы құрылтайшы болып табылады.
      27. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна әрбір жеке объект үшін объектіні сату бағасынан 20 пайыз мөлшерінде, ал объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз берген жағдайда, оның баланстық құнынан белгіленеді. Кепілдік жарнаның құны ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілуі мүмкін емес.
      28. Кепілдік жарна қатысушы жеңімпаз деп танылған жағдайда тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға және құрылтайшымен шарт жасауға қатысушыны міндеттемелермен қамтамасыз ету болып табылады.
      29. Тендерге қатысушылар тендерді өткізгенге дейін кемінде үш жұмыс күні ішінде тендерге қатысудан бас тартқан жағдайда, осы Қағиданың 25-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, құрылтайшы оларға кепілдік жарнаны қайтармайды.
      30. Осы Қағиданың 29 және 40-тармақтарында атап көрсетілгендерден басқа барлық жағдайларда кепілдік жарна тендер аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, ал егер ақша құрылтайшының шотына тендер өткізілгеннен кейін түссе, онда олар түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
      31. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күнінен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін жиырма төрт сағат қалғанда аяқталады.
      32. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды:
      1) осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша тендерге қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялаған жағдайда оның жазбаша, ақпараттық хабарламада көрсетілген және тендерге қатысушының өзі ұсынған тендер талаптарында шарт жасасу міндеттемесін білдіретін тендерге қатысуға өтінімді;
      2) паспортты немесе өзге жеке басын куәландыратын құжатты (құжаттың салыстырып тексеру үшін көшірмесін және түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін) – жеке тұлғалар үшін;
      3) алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 01.04.2013 № 129 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).;
      4) банктік шоттың барын растайтын банк анықтамасының түпнұсқасын;
      5) кепілдік жарнаны төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасын және көшірмесін;
      6) жабық конверттегі тендердің шарттарын қанағаттандыратын ұсынысты (бизнес-жоспар);
      7) өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың түпнұсқасын, сондай-ақ салыстыру үшін өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін, немесе жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін.
      Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жарғының және заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің салыстыру үшін көшірмелері мен түпнұсқаларын немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелерін қосымша ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі нотариалдық куәландырылған аудармасымен бірге құрылтайшы құжаттарын ұсынады.
      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 01.04.2013 № 129 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      33. Тендерге қатысушы ретінде тіркеуге ұсынылған құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерген соң қатысушыға бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.
      34. Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы тендердің шарттары болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға тендерге қатысушы бола алмайды.
      35. Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, құрылтайшы тендерге қатысушыларға қатысы бар ақпаратты тендерді дайындау және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде жариялауға құқығы жоқ.
      36. Тендердің ықтимал қатысушыларының құжаттары тіркеу журналына тіркелгеннен кейін сейфте сақталады. Тендер өткізілетін күні тендерге қатысушылардың құжаттары тендерлік комиссияға беріледі.

5. Тендерді өткізу

      37. Тендерлік комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттерін ашады. Конверттерді ашқаннан және ұсыныстарды жариялағаннан кейін комиссия ұсыныстарды талқылауға және бағалауға кеңесуге кетеді.
      38. Тендерлік комиссия тендердің шарттарына және тендерді жеңіп алған тұлғаны анықтау шарттарына сүйене отырып тендерге қатысушылардың ұсыныстарын қарайды.
      Қатысушылардың қатарынан тендерді жеңіп алған тұлғаны анықтау шарттары:
      тендерге қатысушы құжаттарының толық пакеті болуы және дұрыстығы;
      тендер шарттарын қанағаттандыратын, объектіні пайдалану бойынша ең тиімді ұсыныстың (бизнес жоспарының) болуы болып табылады.
      Ұсыныстың (бизнес жоспардың) тиімділігі қатысушылардың мынадай ұсыныстарының негізгі параметрлерін салыстыру әдісімен анықталады:
      объектіге қаржы жұмсау үшін ұсынылатын инвестициялардың көлемі;
      объектіні жақсарту бойынша жұмыстар, егер ол тендердің шарттарымен көзделген жағдайда, оны өткізу мерзімі;
      құрылатын жұмыс орындардың саны;
      өндірістік қызметті ұйымдастыру немесе халыққа қызмет көрсетудің мерзімі.
      39. Тендерлік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тендерлік комиссияның мүшелері, оның төрағасы және тендер жеңімпазы қол қояды. Тендерлік комиссияның мүшесі қажет болса өзінің ерекше пікірін жазбаша береді немесе оны хаттамаға қоса тіркейді, ол туралы хаттамада белгі қойылады.
      40. Тендер нәтижелері туралы хаттама тендер нәтижелері және тендер жеңімпазы мен құрылтайшының тендер шарттарында шарт жасасу міндеттемелерін және тендер жеңімпазының ұсыныстарын белгілейтін құжат болып табылады.
      Тендер жеңімпазы тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоюдан жалтарған кезде өзі енгізген кепілдік жарнаны жоғалтады.
      41. Тендердің аяқталуына бір күн қалғаннан кейінгі күннен кешіктірмей комиссия тендерге қатысушылардың барлығына тендер қорытындысын хабарлайды.
      42. Мынадай жағдайларда, егер:
      1) үшінші және кейінгі тендерлерді қоспағанда, тіркелген қатысушылардың саны екеуден кем болса;
      2) тендерлік комиссия қатысушылардың ұсыныстарын тендер шарттарын қанағаттандырмайды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтінді деп таныса;
      3) тендер жеңімпазы тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартса, тендер өткізілмеді деп танылады.
      43. Тендерге қатысуға тіркелгендер екеуден аз болған жағдайда, тендерлік комиссия желімделген конвертті ашпайды. Тендер өткізілмеді деп танылғаннан кейін барлық ұсынылған құжаттар қатысушының жазбаша сұрау сауалы бойынша оған қайтарылады.
      44. Осы Қағиданың 42-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сатып алу құқығынсыз тендер өткізілмеді деп танылған кезде, коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы, ол мұндай шешім қабылдаған жағдайда, объектіні тендер шарттары бойынша шарт жасасуға ниет білдірген жалғыз қатысушыға береді.
      45. Егер тендерге қатысуға өтінімдер болмау, жеңімпаз болмау, жеңімпаз хаттамаға немесе сенімгерлікпен басқару шартына қол қоюдан бас тарту себебі бойынша тендерде объект ешкімге ұсынылмаған жағдайда, жаңа тендер жариялануы және тендердің шарттары өзгеруі мүмкін.

6. Объектіні сенімгерлікпен басқару шартының қорытындысы

      46. Сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлікпен басқару шарты негізінде пайда алушының мүддесінде объектіні басқаруды жүзеге асырады.
      47. Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқару шарты тендер өткізгеннен кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жасалады.
      48. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға берген кезде объектіні сенімгерлікпен басқарушының сатып алу шарттары шартпен анықталады.
      49. Сенімгерлікпен басқарушыға объектіні сатуға ол шартты тиісінше орындаған жағдайда ғана жол беріледі. Объектіні сату сатып алу-сату шартын жасасу арқылы объектіні сату бағасы бойынша жүзеге асырылады.
      Объектіні сату бағасы сатып алу-сату шартын жасасқан күннен кейін үш жылдан аспайтын мерзімге бөліп төленуі мүмкін. Сонымен қатар объектіні бөліп төлеу ықтимал бөліп төлеу шарттары тендерге қатысушылардың мәліметіне дейін күні бұрын жеткізілген жағдайда ғана жіберіледі. Бөліп төлеудің мерзімі мен тәртібі сатып алу-сату шартында айтылады.
      50. Сенімгерлікпен басқаруға берілген объектіге меншік құқығының ауысуы объектіні сенімгерлікпен басқарумен тоқтатпайды.
      51. Коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген негіздер бойынша өзгертіледі және бұзылады.

7. Шарттың орындалуын бақылау

      52. Шарт талаптарының орындалуын бақылауды сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы жүзеге асырады.
      53. Сенімгерлікпен басқару шартының орындалуына бақылауды жүзеге асыру үшін құрылтайшы шарттың орындалуына байланысты құжаттармен танысады.
      54. Сенімгерлікпен басқарушы құрылтайшыға өзінің қызметі туралы есепті шартта белгіленген мерзімдерде және тәртіппен ұсынады.
      55. Шарт талаптарының орындалуын бақылау сенімгерлікпен басқарушы міндеттемелерді орындауды аяқтаған сәтке дейін жүргізіледі.

8. Қорытынды ережелер

      56. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидада көзделген сенімгерлікпен басқару қатынастарына азаматтық заңнаманың осындай қатынастарды реттейтін нормалары таралады.
 
 

Коммуналдық мүлік объектілерін 
сенімгерлікпен басқаруға   
беру қағидасының       
қосымшасы           

Коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру
жөніндегі тендерге қатысуға
ӨТІНІМ

      Ескерту. Қосымшасының барлық мәтін бойынша "СТН" аббревиатурасы "ЖСН", "БСН" аббревиатуралармен ауыстырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 01.04.2013 № 129 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Кейіннен сатып алу ________________________ _______ мерзімге
                                (құқығымен/құқығынсыз)

  ___________________________________________________________________
                           (объектінің атауы)
      сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі тендер өткізу туралы жарияланған ақпараттық хабарламаны қарап және Коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру қағидасымен таныса отырып, мен өтінімге қол қоюға уәкілетті, төменде қол қоюшы,_______________________________________________________________
                          (толық аты-жөні, тегі)

___________________________________________________________ атынан
           (атынан тапсырыс беріп отырған Қатысушы көрсетіледі)
тендерге қатысу өтінімін қабылдауды және 20____ жылғы "____" ________
___________________________________ мекенжай бойынша өтетін тендерге қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын.
      2. Біз (мен) ______________________________________ сомасында
                    (теңгедегі сома, сондай-ақ жазумен көрсетіледі)
      тендерге қатысу үшін ақпараттық хабарламада көрсетілген Құрылтайшының депозиттік шотына:____________________________________
                              (ЖБК, БИК, БСН, ЖСН, төлем коды, Кбе, мекеменің коды)
      кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).
      3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), біз (мен) тендерде жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған Тендердің нәтижелері туралы хаттама мен Сенімгерлікпен басқару шарты жарамсыз деп танылатына келісемін.
      4. Егер біз (мен) тендердің Жеңімпазы болған жағдайда, өзімізге тендерді өткізген күні Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою және тендер аяқталғаннан кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпараттық хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған тендердің шарттарында Сенімгерлікпен басқару шартын жасасу міндеттемесін аламыз.
      5. Біз енгізген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынымен және мынадай:
      тендер өткізілгенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын оған қатысудан бас тартқан;
      тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе Сенімгерлікпен басқару шартына қол қоюдан жалтарған жағдайларда Құрылтайшыда қалатынымен келісеміз (мін).
      6. Осы өтінім Тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге Сенімгерлікпен басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.
      7. Өтінімге:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      қоса беріліп отыр.
      8. Төлем деректемелері:
____________________________________________________________________
        (бенефициар-банктің деректемелері: банктің атауы, БСН, ЖСН, ЖСК, БСК)_____________________________________________________________________
            (алушының деректемелері: атауы, БСН, ЖСН, ЖСК, Кбе, ағымдағы шоты)
      9. Қатысушының толық атауы (заңды тұлғаның немесе аты-жөні) және жеке тұлғаның паспорттық деректері мен тұратын жері (мекенжайы, телефон, факс және т.б.)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      _________ ____________________________________________________
        (қолы)   (сенімхаттың негізінде әрекет ететін уәкілетті тұлғаның аты-жөні)

      20 _____ жылғы "____" ____________

           М.О.

      * заңды тұлғалар үшін - "БСН".
      ** жеке тұлғалар үшін - "ЖСН".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады