Әкімдіктің 2011 жылғы 14 қазандағы № 413 "Коммуналдық мүлік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға беру Қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 129 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 сәуірде № 4117 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 52 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 26.02.2014  № 52 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне, "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қостанай облысының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Коммуналдық мүлік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға беру Қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 14 қазандағы № 413 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3785 болып тіркелген, 2011 жылғы 26 қарашада "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық мүлік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға беру қағидасындағы (бұдан әрі - Қағида):
      12-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) заңды тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын көрсете отырып, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы) көшірмелері не аталған құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
      жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын көрсете отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не аталған құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
      Коммуналдық заңды тұлға (баланс ұстаушы) өзінің коммуникация объектісін жеке меншік нысанында қызмет көрсететін ұйымның сенімгерлікпен басқаруына беруге өтініш білдірген жағдайда, өтінішке осы ұйымның келісімі мен оның құқығын белгілейтін құжаттардың көшірмелері, беру негіздемесі, берілетін объектінің мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын растайтын құжаттарының көшірмелері қоса беріледі.";
      32-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      32-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "7) өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың түпнұсқасын, сондай-ақ салыстыру үшін өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін, немесе жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін.
      Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жарғының және заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің салыстыру үшін көшірмелері мен түпнұсқаларын немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелерін қосымша ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі нотариалдық куәландырылған аудармасымен бірге құрылтайшы құжаттарын ұсынады.";
      Қағиданың қосымшасында:
      барлық мәтін бойынша "СТН" деген аббревиатура:
      заңды тұлғалар үшін - "БСН";
      жеке тұлғалар үшін - "ЖСН" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі                   Н. Садуақасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады