Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2011.02.01 № 129 (ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатына депутат болуға үміткерлері үшін үгіттеу баспа басылым материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
1) Таран көшесі "Сити-орталық" аялдамасының жанында;
2) Гоголь көшесі "Бородинский" дүкені ғимаратының жанында;
3) Баймағамбетов көшесі "Драмтеатр" аялдамасы жанында;
4) қоғамдық көлік үшін аялдамалық павильондардың жанында орналасқан стенд, тумбалар және щиттер;
5) жоғары және орта кәсіби оқу орындарының және мәдениет мекемелердің жанында орналасқан ақпараттық стендтер;
6) және тағы меншік объектілердің рұқсатымен тиісті басқа орындары;
2. Ескерткіштерге, ескерткіш тұғырларға, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға баспа үгіттеу материалдарын ілуге рұқсат етілмейді.
3. Барлық үміткерлер үшін тең құқықты қамтамасыз ететін жағдайда үгіттеу баспа материалдарын орналастыруды жасау.
4. Сайлау өтіп аяқталған соң он күн ішінде үгіттеу баспа материалдарының орналастырған орындарды тазартуды депутаттарға үміткерлерің бастамашылық топтарына ұсыну.
5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді және 2009 жылғы 4 наурызда туындаған іс-әрекетке таралады.
Қала әкімі Ж. Нұрғалиев