Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 140 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 наурызда № 9-2-181 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 640 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 11.05.2012 № 640 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бар болған жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленсін.

      2. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш білдірген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа жіберу барысында осы қаулыны басшылыққа алсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный
      қаласының әкімі Н. Денинг

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады