Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібi туралы" Заңының 10-бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарын белгілеу жолымен жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін:
Косманавтов даңғылында орналасқан Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне Даңқ ескерткішіне іргелес аумақ;
Парк көшесінде орналасқан қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы би алаңы.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық | |
мәслихаттың кезектен | |
тыс сессиясының төрағасы | А. Маханько |
Қалалық мәслихат хатшысы | В. Лощинин |
КЕЛІСІЛДІ:
Рудный қаласының әкімі
____________ Н. Денинг
2011 жылғы 25 наурызда