2011 жылғы 19 тамыздағы тағайындалған сайлау кезеңінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына үміткерлер үшін үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 916 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 тамызда № 9-2-188 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "2011 жылғы 19 тамызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 маусымдағы № 98 Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп Рудный қаласы аумағында 2011 жылғы 19 тамызға тағайындалған сайлау кезеңінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына үміткерлер үшін үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный
      қаласының әкімі                            Б. Ғаязов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Рудный қалалық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      ________ А. Тарасевич

2011 жылғы 22 шілдедегі 
№ 916 әкімдігінің    
қаулысына қосымша   

2011 жылғы 19 тамызға тағайындалған сайлау
кезеңінде Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенаты депутаттығына үміткерлер үшін үгіттеу
баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

      1. Рудный қаласы:
      50 лет Октября көшесі, "Универсам" дүкенінің ауданы;
      Ленин көшесі:
      "Дос Бол" дүкенінің ауданы;
      Комсомол даңғылы, "Форум" сауда үйінің ауданы;
      2. Қашар кенті:
      Рудный қаласы әкімдігінің "Күн" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жаңында;
      2 шағын аудан, № 72 үй жаңында;
      2 шағын аудан, № 84 үй жаңында.
      3. Горняцк кенті, Рудный қаласы әкімдігінің "Горняцк поселкесі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаңында;
      4. Перцев ауылы, "Перцев негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаңында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады