Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар және Қостанай облыстық және Рудный қалалық мәслихаттары депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 1601 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 желтоқсанда № 9-2-196 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 1324 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 17.07.2014 № 1324 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп Рудный қаласы аумағында партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар және Қостанай облыстық және Рудный қалалық мәслихаттары депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Рудный
      қаласының әкімі                            Б. Ғаязов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Рудный
      қалалық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      __________ Ю. Нагерняк

2011 жылғы 9 желтоқсандағы 
№ 1601 әкімдігінің қаулысына
қосымша         

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан
Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына
кандидаттар және Қостанай облыстық және Рудный
қалалық мәслихаттары депутаттығына кандидаттар
үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға
арналған орындар

      1. Рудный қаласы:
      Ленин көшесі:
      № 14 үйдің маңында қалқан;
      № 44 үйдің маңында қалқан;
      № 82 үйдің маңында тумба;
      № 155 үйдің маңында тумба;
      "Строитель" стадионының" ауданындағы тумба;
      "Дос Бол" дүкенінің ауданындағы тумба;
      "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Рудный қалалық телекоммуникациялар торабы бөлімшесі ғимараты ауданындағы тумба;
      50 лет Октября көшесі:
      "Универсам" дүкені ауданындағы тумба;
      "Бақ-Бақ" базары ауданындағы қалқан;
      "Жақсы" дүкені ауданындағы қалқан;
      № 52 үйдің маңында қалқан;
      "Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының ауданындағы қалқан;
      Ивано Франко көшесі, "Весна" дүкені ауданындағы қалқан;
      Гагарин көшесі, "Гагаринский" дүкені ауданындағы қалқан;
      Павел Корчагин көшесі, "Арман" дүкені ауданындағы қалқан;
      Марите көшесі, № 7 үйдің маңында қалқан;
      Қостанай көшесі, № 6 үйдің маңында тумба;
      Қашар көшесі, № 31 үйдің маңында қалқан;
      Сандригайло көшесі, № 66 үйдің маңында тумба;
      Комсомол даңғылы:
      "Форум" сауда үйі ауданындағы тумба;
      "Меркурий" супермаркеті ауданындағы қалқан.
       2. Қашар кенті
      Рудный қаласы әкімдігінің "Күн" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимаратындағы қалқан;
      2 шағынаудан, № 72 үйдің маңында қалқан;
      2 шағынаудан, № 84 үйдің маңында қалқан.
       3. Горняцк кенті, "Горняцк поселкесі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының маңында қалқан.
       4. Перцев селосы, "Перцев негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының маңында қалқан.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады