Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 14.05.2020 № 162 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағын орындау үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру мақсатында және сайлау өткізуге байланысты, Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арқалық қаласы әкімдігінің "Үгіт материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" 2011 жылғы 17 ақпандағы № 62 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-142 тіркелген, 2011 жылғы 23 ақпандағы № 7 (340) "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы "үгіт" деген сөзден кейін "баспа" деген сөзбен толықтырылсын;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28- бабының 6-тармағына сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру мақсатында және сайлау өткізуге байланысты, Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Барлық қандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін мынадай орындар белгіленсін:".
2. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Шалдыбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Т. Төлеубаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Арқалық қалалық | |
аумақтық сайлау | |
комиссиясының төрағасы | |
______ Ш. Тасмағамбетов |