"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылғы қаңтар-наурызда "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы Лисаков қаласының шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Октябрь кентінің, Красногор селосының әкімдері тіркеуге жататын азаматтарды шақыру учаскесіне уақытында келуін қамтамасыз етсін.
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Лисаков қаласының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркеуден жалтарған адамдарды іздестіру және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С. Сапароваға жүктелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі В. Радченко
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігі Қостанай облысының ішкі
істер департаменті Лисаков қаласының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ Т. Айсин
"Қостанай облысы Лисаков қаласының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ А. Никифоров