Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір - маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 50 қаулысы. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 сәуірде № 9-6-125 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" "Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысына және Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 118 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3756 тіркелген) қаулысына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыру комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын және әскерге шақыруды кейінгі қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай–ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыру учаскесіне жұмысқа жіберілген шақыру комиссиясы мүшелеріне, медициналық, техникалық қызметкерлерге, сондай-ақ қызмет көрсету персоналы адамдарына осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, атқаратын қызметі және жалақысы сақталатыны назарға алынсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Iшкi Iстер министрлiгi Қостанай облысының Iшкi Iстер Департаментi Аманкелдi ауданының iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) ұсынылсын:
      1) өз құзыретi шегiнде әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткiзудi, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың кетуi кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етсін;
      2) әскерге шақырылушылардың облыстық жиын пунктiне аттандырғанда әскерге шақырылушылардың автобустарына iлесiп шығарып салуды ұйымдастырсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Аманкелді
      ауданының әкімі                            С. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы Аманкелді
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ______________ А.С. Тлегенов

      Қостанай облысы әкімдігі
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Аманкелді аудандық орталық
      ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
      _________________ Р.С. Есмағанбетов

      "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер
      министрлігі Қостанай облысының Ішкі
      Істер департаменті Аманкелді ауданының
      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________________ М.Р. Сыздықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады