Әулиекөл ауданында 2011 жылға арналған тұрғындардың нысаналы топтарын белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 наурыздағы № 136 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 4 сәуірде № 9-7-132 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57-баптарына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әулиекөл ауданында 2011 жылға арналған жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшiн тұрғындардың нысаналы топтары белгіленсін, қосымшаға сәйкес.
      2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi тұрғындардың нысаналы топтарына кіретiн тұлғалардың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау бойынша шараларды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Р. Нұғмановаға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл ауданының әкімі                   Б. Ғаязов
 

Әкімдіктің         
2011 жылғы 10 наурыздағы  
№ 136 қаулысына қосымша  

Жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшiн
2011 жылға арналған Әулиекөл ауданындағы тұрғындардың
нысаналы топтары

      1. Табысы аз адамдар.
      2. Жиырма бір жасқа дейiнгi жастар.
      3. Балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар.
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көпбалалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар.
      6. Зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған).
      7. Мүгедектер.
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар.
      9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
      10. Оралмандар.
      11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру ұйымдарын бітірушілер.
      12. Жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.
      13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады